2021 жылдың жарты жылдығы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

2021 жылдың жарты жылдығы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

         2021 жылы жарты жылдығында ауданымыздағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 62 қызметтің 44 түрінен 5 706 қызмет көрсетілді, оның ішінде мемлекеттік органмен  1638, мемлекеттік корпорациямен 1638, электронды үкіметпен 2430 қызмет алынды. Бұл көрсетілген 44 қызметтің 32 электронды түрде жүргізілді. Қызметтердің электронды түрлерінің санын арттыру мақсатында жоғарғы органдарға ақпараттық жүйелер арасында ықпалдастықты қалыптастыру және іркіліссіз жұмыс жасауы бойынша ұсыныстар берілуде.

         Маңғыстау ауданы әкімі аппараты мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингілеу және цифрландыру бөлімімен 2021 жылдың жарты жылдығында барлығы 4 мекемеге ішкі бақылау іс-шарасы жүргізіліп, 3956 көрсетілген қызмет тексеріліп, 16 заң бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, бұзылған заң бұзушылықтарды қалпына келтіруге бағытталған 23 ұсыныс берілді.

         Ауданымыздағы 71 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 4431 қызмет алынды Аудан әкімдігінің ресми әлеуметтік желілерінде (Facebook) және сайтында қызметтердің электронды алу жолдары жайында ақпараттар үздіксіз жарияланып отырады.

Дата публикации
05 июля 2021