«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды: «Онды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы
E-G-3 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
|
Санаты |
Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы |
|
|
Е-G-3 |
min |
max |
|
90963 |
122463 |
|
«Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130400, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Маңғыстау ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (72931) 2-12-86, тел/факс: 2-22-21, эл.поштасы M.demenova@mangystau.gov.kz, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларының облыс, аудан әкімдерінің шешімдерінің орындалу барысы туралы талдаулар жасап, уақытылы ақпарат алдыру және олар туралы ауыл әкімі мен оның аппаратын ұдайы хабардар ету; Аппарат жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету. Іс қағаздарының мемлекеттік тілде, сапалы жүргізілуін бақылау; Білім беру, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі мекемелермен қарым-қатынаста жұмыс жасау; Мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі комиссия құжаттарын дайындау; Нотариалдық іс-әрекеттерді тіркеу; Селолық округке қарасты сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар есебін тиянақты жүргізу, ол туралы ай сайын, тоқсан сайын аудандық сайлау комиссиясына есеп беріп отыру; Мемлекеттік мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды дайындау; Атаулы әлеуметтік көмек, балалар жәрдемақысы, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты бір жолғы әлеуметтік көмек алуға тілек білдіруші азаматтардың арыздары бойынша құжаттарын жинақтау, әлеуметтік көмек алуға тілек білдірушілердің тұрмыс-жағдайына талдау жасау, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыруға жәрдемдесу; Жұмыссыздар есебін алу, жұмыссыздарды мамандықтарға оқыту мен қайта даярлау,жекелеген азаматтардың санаттарын айқындау, комиссия құру, әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізу; Мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру; Мемлекеттік органның кадр мониторинг және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізуді ұйымдастыру; Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау, іс-қағаздарын жүргізу; Келушілердің сұраныстарына қарай түрлі анықтамалар беру; Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру. Көше тазалығы, абаттандыру, көгалдандыру; 6-7 және одан да көп балалы болуына байланысты аналарды «Алтын», «Күміс» медальдармен марапаттауға ұсыну туралы құжаттар дайындап жіберу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін келесі күнінен бастап жеті жұмыс күн ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау ауданы әкімінің аппараты басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
_________________________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _____________________________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________________________________________________
Байланыс телефоны: _______________________________________________________
e-mail: ___________________________________________________________________
ЖСН: ____________________________________________________________________
_________ ______________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ
ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
___ ________________ |
|
|||
|
___ ___________
|
||||
|
______ ___________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ Подпись кандидата |
_______________ |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады