Маңғыстау ауданы әкімінің жарты жылдық есебі
Аудан бюджеті
Маңғыстау ауданы бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын 29 мекеме оның ішінде: 24 мемлекеттік мекеме, 1 қазыналық коммуналдық кәсіпорын, 2 коммуналдық мемлекеттік мекеме, 2 коммуналдық кәсіпорын бар.
2021 жылға арналған аудан бюджетінің кірістер бөлімі 6 млрд. 108 млн. 740 мың теңге болып бекітілді, жартыжылдық ішінде бір рет нақтыланып 8 млрд. 331 млн. 501,5 мың теңгені құрады. Бірінші жарты жылдық жоспары 2 млрд. 963 млн. 328,4 мың теңгені құрап, 2 млрд. 962 млн. 377,7 мың теңгеге игеріліп 99,9 пайызға орындалды.
2021 жылға арналған аудан бюджетінің шығыстар бөлімі 6 млрд. 108 млн. 740 мың теңге болып бекітілді, жыл ішінде бір рет нақтыланып 8 млрд. 644 млн. 494,9 мың теңгені құрады. Бірінші жарты жылдық жоспары 2 млрд 995 млн. 177,1 мың теңгені құрап 2 млрд. 995 млн. 077 мың теңгеге игеріліп 100 пайызға орындалды.
Республикалық бюджет 2021 жылға арналған аудан бюджетіне республикалық бюджеттен 2 млрд 021 млн 869 мың теңге бөлінді. 01.07.2021 жылға 156 млн 422 мың теңге қаралып, оның 156 млн 413,5 мың теңгесі орындалдып 100 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылық саласы
Ауданның ауыл шаруашылығының негізі – мал шаруашылығы, оның ішінде қой, түйе, жылқы шаруашылықтары. Аудан көлемінде 508 шаруа қожалығы бар. Атап айтқанда 36 егін шаруашылығы, 472 мал шаруашылығымен айналысады.
2021 жылдың 7 айына аудан бойынша 11 643 бас мүйізді ірі қара, 29 898 бас түйе, 64 086 бас жылқы, 252 721 бас қой-ешкі болды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері арқылы 2020 жылдың 12 айына тірілей салмақта 1716 тонна ет, 47 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2021 жылғы шөп шабу науқанына Маңғыстау ауданынан 16 бригадаға мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізу мақсатында Тасорпа және Үстірт аумағы Бөрібас жерінен қыстық мал азығын дайындауға жер берілді.
Жергілікті жерден қазіргі таңда 650 тонна мал азығы шөп дайындалды, ал өзге облыстардан 1210 тонна шөп жеткізілді.
2021 жылы 32 шаруа қожалығы 250 га ашық топырақта егін екті қазіргі таңда өнім жинау жұмыстары жүріп жатыр. 16 шаруа қожалығы 60 тонна тыңайтқыш алып оның 2 млн 204 мың теңгесі субсидияланды.
1 шаруа қожалығы 2 асыл тұқымды жылқы алып 200 мың теңгесі субсидияланды.
4 шаруа қожалығы жайылымдарды суландыру бағдарламасы бойынша құдық қаздырып шыққан шығынның 50 пайызы субсидияланды.
Қазіргі таңда биылғы елдегі қуаңшылық жағдайына байланысты үкімет резервінен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалану жолында жұмыстар жүргізілуде.
Қоспалы мал азықтық жем әкелумен тұрақты түрде 9 жеке кәсіпкер айналысады. Жыл басынан бері ауданға 8000 тонна жем келді. Кебек жемінің бағасы 1600–2000 теңге аралығында. Арпа жемінің бағасы 3500 – 4500 тенге аралығында. Бүгінге қоймада 140 тонна кебек бар. 40 тонна жеңілдетілген бағада арпа жемі бар.
Маңғыстау ауданының жер көлемі 4 701 832 гектарды құрайды. Оның ішінде ауылшаруашылығына арналған жер 1 131 195 гектар.
ҚР Жер кодексінің 48 бабына сәйкес өткізілген сауда-саттық (аукцион, конкурс) бойынша:
-елді мекендердің бас жоспары бойынша кәсіпкерлік объектілер салу үшін берілетін 17 жер учаскесіне 2 аукцион жарияланды, өткізген аукциондар нәтижесі бойынша құны 464 162 мың теңге болатын 5 жер учаскесі бойынша жеңімпаздар анықталды.
-ауыл шаруашылығына арналған 81 жер учаскесіне конкурс ұйымдастырылып, көлемі 29640 гектар болатын 63 жер учаскесі уақытша пайдалануға берілді.
Жеке меншік құқығымен сатылған жерлер бойынша:
-меншік құқығымен барлығы 20 жер учаскесі 4 900 090 теңгеге сатылып берілді.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2021 жылға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы 60,0 млн.теңге жоспарланған. Осыған сәйкес «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау облысы филиалы арқылы 17 адам 65,4 млн теңге көлемінде несие алып, жоспар 109 пайызға орындалды.
«АгроНесиеКорпорациясы» АҚ Маңғыстау облысы филиалы арқылы 25 млн. теңге жоспарланған, одан 5 адамға 58,8 млн. теңге несие берілді.
Барлығы аудан бойынша 22 адам 124,2 млн. теңге несие алды .
Кәсіпкерлік саласы
Қазіргі таңда ауданда шағын және орта кәсіпкерлер саны 2021 жылға 2761, оның жұмыс жасап тұрғаны 2478 субъекті.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың "Еңбек" бағдарламасы бойынша Кәсіпкерлер палатасы арқылы 2021 жылға «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша бойынша 5 топ 110 адам оқыту жоспарланған, онлайн режимінде 2-топта 59 адам оқытылып, 51 адам сертификаттарын алды. 3-топта 23 адам оқытылып жатыр.
Ауданда әлеуметтік маңызды тауарлар нарығындағы бағаны тұрақты түрде қадағалайтын аудандық штаб құрылып, күнделікті бақылауда ұстап отыр. Маңғыстау ауданында 9 наубайхана, 34 тамақ беру орталығы, 15-мейрамхана, 15-дәріхана, 31 шағынмаркет, 165 азық-түлік дүкендері жұмыс жасап тұр. Оның ішінде 70 азық-түлік дүкендерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының негізсіз өсіп кетпеуі үшін меморандумға қол қойылды. Азық-түлік тауарлары Ақтау қаласынан күнделікті жеткізіліп отыр.
Инвестиция тарту, Өнеркәсіптің өнім көлемінің ұлғаюы.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2020 жылғы қаңтар- маусым айларымен салыстырғанда Маңғыстау ауданында 2021 жылы қантар-маусымда айында есепті кезеңімен салыстырғанда 18 млн. 843 мың теңгені құрап, бұл 2020 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 125%-ға артық орындалды. Маусым айының жоспары 3,6 млрд теңге. Қантар-мамыр айына Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 16 млн 846 мың теңгеге 138,3% орындалды.
2021 жылға жоспарланған ауданның негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 53 млн 497 мың теңге 103%-ды құрады.
Бизнестің жол картасы 2025 бағдарламасын жүзеге асыру туралы.
Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында 2020 жылы Аймақтық үйлестіру кеңесіне 1-бағыт бойынша 973,34 млн теңгеге 7 бизнес-жоба, 2-бағыт бойынша 216,16 млн. теңгеге 2 бизнес-жоба субсидияланды.
Бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының 2 бағыты аясында пайыздық үстемені субсидиялау бойынша 2021 жылы «Трансальянс сервис» ЖШС, «Бозашытранс құрылыс» ЖШС, «Школьник-Актау» ЖШС 458,13 млн. теңгеге 3 жобаға және жеке кәсіпкер Т.Абдулаеваға 3,7 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
Сумен жабдықтау
Маңғыстау ауданының Жармыш ауылында кентішілік су құбырын салу және қайта құрылымдау. Түзету» нысанына 2019 жылы мердігер мекеме ЖК «Нурбосинов О.Ш.» демеушілігімен 15 000,0 мың теңге көлемінде сомаға жобаға өзгеріс енгізілді. Сметалық құны 666 630,4 мың теңге құрайды. 2020 жылы 11 наурызда 351 192,5 мың теңгеге мердігер мекеме ЖК Нурбосиновпен қосымша келісім шарт жасақталды. 2020 жылы жергілікті бюджеттен 70 000,0 мың теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Мердігер мекеме ЖК Нурбосиновтың қайтыс болуына байланысты жұмыс тоқтап тұр. Қазіргі таңда қалған 239 182,33 мың теңге қаржысына қайтадан конкурс жарияланды.
Маңғыстау ауданы Басқұдық – Бекі топтық су құбырына қосылатын Басқұдық селосы, Бекі селосы елді мекендерін сумен қамту нысаны құрылыс жұмыстары. Сметалық құны – 315 522,0 млн. теңге. Жеңімпаздың соммасы – 262 020,0 млн теңге. Жеңімпаз «Өркен – 1» ЖШС. 2021 жылға бөлінген қаржысы Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт есебінен – 212 679,0 млн теңге. Су құбырының жалпы ұзындығы: Басқұдық ауылы 934,0 метр, Бекі ауылы 13 040,0 метр. Жұмыстың ұзақтығы 6 ай.
Инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
Сметалық құны – 1 517 230,75 мың теңге болатын «Маңғыстау ауданы Шетпе селосында кәріз тазалау иммаратын салу» нысаны бойынша, құрылыс-монтаж жұмыстары ағымдағы жылы қабылдау актісімен қабылданады деп жоспарлануда.
Сметалық құны – 1 млрд. 392 млн. теңге болатын «Шетпе селосында кәріз жүйесін салу. 2-кезең» нысаны бойынша, жобада қарастырылмаған жер телімдерін кәріз желісімен қамтамасыз етуге және жер қазу жұмыстары кезінде су шығып кетуіне байланысты жобаға түзету жұмыстары жүргізілуде.
Коммуналдық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша:
Сметалық құны – 22 млн. 674 мың теңге болатын «Шетпе ауылынан мал өлексесін көму орынының құрылысы» бойынша 13 млн. 261 мың теңге қаржысы бөлініп, толықтай игерілді. Нысан толықтай аяқталды. Қазіргі таңда нысанды пайдалануға қабылдау актісі жасақталуда.
Мәдениет объектілерін дамыту бағдарламасы бойынша
Сметалық құны – 415 997,45 мың теңге болатын «Маңғыстау ауданының Жармыш селосында кітапханасымен 200 орындық село клубын салу» нысаны бойынша, ағымдағы жылы қабылдау актісімен қабылданады деп жоспарлануда.
«Мемлекеттік сараптама қорытындысы дайын жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша»
-«Маңғыстау ауданы, Тасмұрын және Тиген елді мекендеріне газ тарату желілерін салу құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы»
-«Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы Қосбұлақ-1 шағын ауданынан жаңадан берілген жер телімдеріне электр желісін және газ құбырын тарту құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы»
-«Маңғыстау ауданы Шетпе селосынан тоқ және газ желілері тартылмаған жеке тұрғын үйлерді тоқпен және газбен қамту құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы»
-«Маңғыстау ауданы Онды ауылдық округі Бекі ауылында 100 орындық орта мектеп құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы»
«Жасақталып жатырған жобалық-сметалық құжаттамалар бойынша»
-«Маңғыстау ауданы Жармыш ауылынан тұрғын үйлерге тоқ желілері және газ құбыры құрылысы» жобалық-сметалық құжаттама жасақтау
- «Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы «Нұрлы Көш» шағын ауданынан жаңадан берілген жер телімдеріне инженерлік желілері құрылысы» жобалық-сметалық құжаттама жасақтау
-«Маңғыстау ауданы Шетпе селосындағы Жаңа Орпа-2, Ащыбұлақ-1 және Ащыбұлақ-2 тұрғын массивтерін сумен жабдықтау құрылысы. 1 кезек. Түзету» жобалық-сметалық құжатамасын жасақтау
-«Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы кәріз жүйелерінің құрылысы. Жаңа Орпа Ащыбұлақ тұрғын массивтерінің кәріз желілері 1-кезек. Түзету» жобалық-сметалық құжатамасын жасақтау
-«Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы А.Меңдалыұлы атындағы орта мектепке қосымша ғимарат салу» жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау
-«Маңғыстау ауданы 15 разъезд елді мекенінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысы» нысаны бойынша жобалық-сметалық жасақтау
-«Маңғыстау ауданы Онды ауылдық округінің Онды ауылына спорт кешенін салу құрылысы» жобалық-сметалық құжаттама жасақтау
-«Маңғыстау ауданы Акшымырау ауылында әкімдік ғимаратының құрылысы» нысанына жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау
-«Маңғыстау ауданы Қызан ауылында әкімдік ғимаратының құрылысы» нысанына жобалық-сметалық құжаттамасын жасақтау
Автомобиль жолдары туралы
Маңғыстау ауданы аумағында 272 шақырым республикалық дәрежедегі автокөлік жолы, 243 шақырым облыстық дәрежедегі автокөлік жолы және 299 шақырым аудандық дәрежедегі автокөлік жолдары бар.
Аудандық дәрежедегі жолды күтіп ұстау жұмысына 2021 жылға – 146 млн. 710 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстары жүргізілуде.
Шетпе-Қызан автокөлік жолын қайта құрылымдау 49-85 шқ (Тасмұрын-Мәстек аралығы) жұмысы:
Жалпы ұзындығы: 36 шқ аудандық дәрежедегі автокөлік жолы.
Мердігер: «Аltynzhol Group» ЖШС.
Қазіргі таңда 30 шқ автокөлік жолы дайын. 6 шқ автокөлік жолының негізі дайындалып, 5 шқ ірі дәнді асфальт жабыны төселді. Құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жұмысты толығымен аяқтау үшін 90,8 млн. теңге қаржы қажет.
«Шебір ауылішілік автокөлік жолы құрылысы» жұмысы:
Жалпы ұзындығы: 5,6 шқ ауылішілік автокөлік жолы.
Шарт құны – 327,9 млн.теңге.
Мердігер: «Аltynzhol Group» ЖШС.
2019-2020 жылдары құрылыс жұмыстарына 110,683 млн.теңге қаржы игеріліп, 1,8 шқ автокөлік жолының құрылысы аяқталды. 2021 жылға 76,600 млн.теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда 1,5 шқ автокөлік жолының негізі дайындалуда. Жұмысты толығымен аяқтау үшін 127,159 млн.теңге қаржы қажет.
Орташа жөндеу жұмыстары бойынша:
«Тұщықұдық ауылына кіре беріс жолын орташа жөндеу, 0-29 км»:
Жалпы ұзындығы: 36 шқ аудандық дәрежедегі автокөлік жолы.
Шарт құны – 415,352 млн.теңге.
Мердігер: «Ер-Мер-Строй Сервис» ЖШС.
2021 жылға бөлінген 37 358,5 млн.теңге қаржыға автокөлік жолының қорғаныш қабатын (ШПО) төсеп, құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау жоспарлануда.
«Аудандық дәрежедегі Шетпе-Тиген-Қызан автокөлік жолын орташа жөндеу, 0-21 шақырым аралығы» жұмысы:
Жалпы ұзындығы: 21 шқ аудандық дәрежедегі автокөлік жолы.
Шарт құны – 333,457 млн.теңге.
Мердігер: «Дорстрой» ЖШС.
Құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда асфальт жабынын төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. ШПО төсеу, разметка сызу жұмыстары қалып тұр.
«Аудандық дәрежедегі Кызан-Акшымырау автокөлік жолын орташа жөндеу, 14,7 шақырым» жұмысы:
Жалпы ұзындығы: 14,7 шқ аудандық дәрежедегі автокөлік жолы.
Шарт құны – 363,025 млн.теңге.
Мердігер: «Дорстрой» ЖШС.
Құрылыс жұмыстарын 2021 жылы толықтай аяқтау жоспарлануда.
«Аудандық дәрежедегі "Онды демалыс орнына кіре беріс, 0-6 шқ" автокөлік жолы аралығын орташа жөндеу» жұмысы:
Мердігер – «МКДСМ» АҚ.
Шарт құны - 112,739 млн.теңге.
Құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда 76,141 млн.теңге қаржысы игеріліп, асфальт жабынын төсеу, ШПО төсеу жұмыстары, разметка сызу жұмыстары толығымен аяқталды.
«Тобыкты жеріне кіре беріс автокөлік жолын орташа жөндеу» жұмысы:
Мердігер – «Акжол+К» ЖШС.
Шарт құны - 147,168 млн.теңге.
Құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда 6 шқ автокөлік жолының негізі дайындалды. Құрылыс жұмыстарына 2020-2021 жылдарға 50,0 млн.теңге қаржы бөлініп, Қазіргі таңда 30,0 млн.теңге қаржысы игерілді. Құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтау үшін 97,0 млн.теңге қаржы керек.
«Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Сай-Өтес станциясындағы теміржол үстінен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы» жұмысы:
Мердігер – «Ақжолқұрылыс» ЖШС.
Шарт құны - 54,684 млн.теңге.
Құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда қажетті материалдар объекті басына жеткізілді. Құрылыс жұмыстарын шілде айында аяқтау жоспарлануда. Жұмысты толығымен аяқтау үшін 28,4475 млн.теңге қаржы қажет.
«Шетпе-Қызан автокөлік жолын қайта құрылымдау 85-110 шқ (Мәстек-Қызан аралығы)» жұмысы:
Алдын-ала сатып алу жарияланып, «Аltynzhol Group» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Шарт құны – 3 249,035 млн.теңге.
Келісім-шарт жасақталынды. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталатын болады. 2021 жылға 375,0 млн.теңге қаржы қарастырылған.
«Жыңғылды ауылішілік автокөлік жолы құрылысы» жұмысы:
Алдын-ала сатып алу жоспары бекітіліп, байқау жарияланып, «Ақжол+К» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Келісім шарт құны – 236,980 млн.теңге. 2021 жылға – 127,591 млн.теңге қаржы қарастырылған. Тамыз айында құрылыс жұмыстары басталатын болдаы.
«Шетпе ауылы Ашыбұлақ ауылішілік автокөлік жолының құрылысы, 20 шқ» жұмысы:
Алдын-ала сатып алу жоспары бекітіліп, байқау жарияланды.
Жоба құны – 832,913 млн.теңге.
2021 жылға – 207,991 млн.теңге қаржы қарастырылған.
«Маңғыстау облысы Отпан тау тарихи-мәдени демалыс кешеніне кіре-беріс автокөлік жолын орташа жөндеу» жұмысы.
Алдын-ала сатып алу жарияланып, «Хазар Мунай Газ Курылыс» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Жоба құны – 98,112 млн.теңге.
Қаржы бөлінісімен құрылыс жұмыстары басталатын болады.
Дайын жобалар:
Жоба құны – 553,623 млн.теңге. Мемлекеттік сараптама қорытындысы №01-0388/19 күні 30.09.2019 жылы алынды. Бұл жоба бойынша 2021 жылға қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылды.
Автокөлік жолының жалпы ұзындығы – 8,4 шақырым.
Жоба құны – 162,188 млн.теңге.
Мердігер – «ПроектныйЦентр» ЖШС. Шарт құны – 28,404 млн теңге. Қазіргі таңда жобалау іздестіру жұмыстары аяқталды. Жобаның алдын-ала сметалық құны 2,8 млрд.теңгені құрап отыр. Жобаға сараптама қорытындысын алу үшін 2,0 млн теңге қаржы қажет.
Жоба құны – 374,337 млн.теңге.
Мемлекеттік сараптама №15-0143/21 күні 28.05.2021 жылы алынды.
Жоба құны – 691,547 млн.теңге.
Мемлекеттік сараптама №15-0014/21 күні 18.01.2021 жылы алынды.
Жобалық-сметалық құжаттамалар:
Мердігер – «ТМ Проект Строй» ЖШС.
Шарт құны – 4,189 млн.тенге.
Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылып, тексеріс жүргізілуде. Жобаның алдын-ала сметалық құны - 350,00 млн.теңгені құрап отыр.
Мердігер – «Deluxe design» ЖШС.
Шарт құны – 7,835 млн.тенге.
Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылып, жобаның толықтығына тексеріс жүргізілуде.
Жобаның алдын-ала сметалық құны – 116,965 млн.теңгені құрап отыр.
Мердігер – «ПроектныйЦентр» ЖШС.
Шарт құны – 7,593 млн.теңге.
Қазіргі таңда жоба мемлекеттік сараптамаға тапсырылып, жобаның толықтығына тексеріс жүргізілуде.
Жобаны толығымен аяқтау үшін 6,593 млн.теңге қаржы қажет.
Алдын-ала сатып алу жарияланып, «Проектный Центр» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Автокөлік жолының ұзындығы – 4,9 шқ.
Шарт құны – 12,102 млн.теңге.
Қажетті қаржы бөлінісімен келісім шарт жасақталып, жобалау жұмыстары жүргізілетін болады.
Алдын-ала сатып алу жарияланып, «Проектный Центр» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Автокөлік жолының ұзындығы – 5 шқ.
Шарт құны – 9,189 млн.теңге.
Қажетті қаржы бөлінісімен келісім шарт жасақталып, жобалау жұмыстары жүргізілетін болады.
Аталған жоба бойынша ЖІЖ(ПИР) жасақталынды. Құны - 13,508 млн.теңге. Жоба бойынша бюджеттік өтінім ұсынылды.
Жоба құны – 198,103 млн.теңге. Сметалық құжаттама жасақталынды.
Жоба құны – 290,474 млн.теңге. Сметалық құжаттама жасақталынды.
Жоба құны – 198,103 млн.теңге. Сметалық құжаттама жасақталынды.
Күзгі-қысқы жылу беру маусымдық жұмыстары бойынша
Маңғыстау ауданында 70 (жетпіс) әлеуметтік мекемелердің дербес жылу қазандықтары және 3 (үш) орталықтандырылған жылу қазандығы аудандағы 96 (тоқсан екі) әлеуметтік объектіні жылумен қамтиды.
Алдағы 2021-2022 ж.ж. күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындыққа байланысты ауыл әкімдеріне, мекеме басшыларына хат жолданып, қажетті заттардың тізімі алынды. Алынған мәліметтер негізінде іс-шаралар жоспары жасақталып, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс берілді.
Телефон және интернет
«Маңғыстау облысы Маната асуына мобильдік байланыспен қамтамасыз етуге арналған антенналық-діңгектік құрылысы», жоба құны – 79,048 млн. теңге. Мердігер – «Нұрлы жол» ЖШС. Келісім шарт құны – 63,064 млн.теңге. 2019 жылы – 20 млн.теңге қаржы бөлініп антенна мачталық қондырғы орнатылды. 2020 жылға 36,448 млн.теңге қаражат қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2021 жылға 6,902 млн.теңге қаржысы қарастырылды.
«Шетпе-Қызан-Ақшымырау ауылдарына талшықты оптикалық байланыс желісін тарту, 130 км» жұмыс жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.
«Шетпе-Тұщықұдық-Шебір ауылдарына талшықты оптикалық байланыс желісін тарту, 95 км» жұмыс жобасы бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды.
Сонымен қатар, жобалық сметалық құжаттамасы дайын тұрған, Шайыр – Жыңғылды селоларына талшықты байланыс жүйесін тарту жұмысына, Жыңғылды селоішілік байланыс жүйесіне және Боздақ елдімекені ішінің байланыс жүйесі құрылысы жобаларының экспертиза жұмыстары оң нәтиже беріп, 2021 жылға бюджеттік өтінім берілді
Тұрғын үйлер туралы
Маңғыстау ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға тіркелген 311 адам кезекте тұр, оның ішінде: халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын-114, мемлекеттік бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері–73, көп балалы отбасы-114, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар-7, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған-3 адам.
Білім беру саласы
Маңғыстау ауданында жалпы білім беретін 22 мектеп, 1 кешкі жалпы білім беру орта мектебі, 1 балалар өнер мектебі қызмет етеді.
2020-2021 оқу жылын 8701 оқушымен бастап, 8622 оқушымен аяқталды. Оның ішінде мектеп бітіруші 426 түлек. Барлығыда ҰБТ-ға қатысты. «Алтын белгі» белгісін 20 оқушы, Үздік аттестатты 25 оқушы иеленді.
Жаңа оқу жылына білім беру мекемелерін жаңғырту мақсатында 7 мектепке (Өтес, А.Өтепбергенов, А.Меңдалыұлы, М.Атымов, Ә.Жангелдин, Тобанияз, Тұщыбек мектеп-бөбекжайы кешені) ағымдық жөндеу үшін 189,0 млн теңге қаржы бөлініп, Маңғыстау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы конкурс өткізіп мектептерде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы 7 мектепке жаңа модификациялық кабинеттер алу үшін облыстық бюджеттен 118 986, 0 млн қаржы қаралып конкурс өткізілуде.
2021-2022 оқу жылына оқулықтарға тапсырыс берілді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша аудандағы 30 балабақшада 2224 бала тәрбиеленіп отыр. Аудандағы 3 пен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту бойынша 100 пайыз, 1 мен 6 жас бойынша 78,2 пайыз қамтылды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша
2020 жылы Маңғыстау ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала жас мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» үшін 115 маманға 33 млн. 546 мың теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы берілді.
Сонымен қатар, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша «53 маманға тұрғын-үй сатып алуға 201 млн. 901 мың теңге бюджеттік кредит берілді.
Денсаулық сақтау саласы
Аудан халқына 90 төсек орынды тәуліктік аурухана, емхана бөлімі және 90 төсектік күндізгі стационар, 10 дәрігерлік амбулатория, 8 медициналық пункт және Е.Оразақов атындағы туберкулезге қарсы шипажай арқылы медициналық көмек көрсетіледі.
2021 жылы ауданымызға 1 дәрігер маман келді. Қазірде ауданда 76 жоғарғы білімді дәрігер жұмыс жасайды.
2021 жылдың 6 айында 542 бала дүниеге келді. Бір жасқа дейінгі бала өлімі 2020 жылы 7, 2021 жылдың 6 айына 2.
Ана өлімі тіркелген жоқ.
Биылғы пандемияға байланысты тәуліктік төсек орында 1021 адам емделіп шықты.
Вируспен ауырып түскен адам саны-102, оның жазылып шыққаны-83, стационарда КВИ-ден қайтыс болғаны-1.
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу
2021 жылдың 6 айы ішінде Маңғыстау ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көлемінде құқық бұзушылықты болдырмау, қылмыстың алдын алу сонымен қатар, оны ашуға бағытталған бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Аудан көлемінде тіркелген жалпы қылмыстар саны 59, ашылуы 94,1 пайыз.
Оның ішінде:
- Ауырлығы орташа қылмыстар 21 дерек;
- Ауыр емес қылмыстар 10 дерек;
- Ауыр қылмыс 13.
- Кісі өлтіру қылмысы бойынша қылмыс тіркелген жоқ.
Жол қауіпсіздігінің жай-күйі:
6 ай ішінде 14 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 10 жол көлік оқиғасы Республикалық маңызы бар тас жолында, 4 жол-көлік оқиғасы аудан көлемінде орын алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 адам қаза тапты.
Әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту
Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша Аз қамтамасыз етілген және аса мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша көмекке мұқтаж 174 адамнан өтініш келіп түсті оған 12 млн. 977 мың теңге біржолғы көмектері тағайындалып төленді. Атаулы әлеуметтік көмекке жыл басынан 180 отбасының өтініші қабылданып, оның ішінде 22 отбасы күнкөріс деңгейінен жоғары, 3 отбасы өз еркімен бас тартты, 2 отбасы басқа ауданға көшіп кетті, 10 отбасы учаскелік комиссия тексеруімен бас тартылды143 отбасыға (787 адам) тағайындалып, 36 830,8 теңге төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 143 отбасының ішінде көп балалы 61 отбасы бар. Шартты ақшалай көмек алатындар 122 отбасы, шартсыз ақшалай көмек алатын 21 отбасы.
Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек – шартты ақшалай көмек тағайындалған аз қамтылған отбасылардың жұмысқа орналасқан мүшелері 54 адам, соның ішінде тұрақты жұмысқа 14 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 36 адам, әлеуметтік жұмысқа 3 адам, жастар практикасына 1 адам орналастырылды.
Алтын және Күміс алқалы аналарға 5834 теңгеден 1355 анаға 7 905 070 теңге, мүмкіндігі шектеулі балаларға «Балалар күніне» 318 балаға 14 585 теңгеден 4 638 030 теңге, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға атаулы мереке күндерге 3771 адамға 14 585 теңгеден 55 000 035 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Барлығы 5444 адамға 67 543 135 теңге әлеуметтік көмек тағайындалып төленді.
Жұмыссыздық мәселесі.
Ағымдағы жылға Маңғыстау ауданы бойынша 2500 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланған болатын, 1268 жаңа жұмыс орындары құрылды.
Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп өтініш бергендер саны 1366 адам тіркелді. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылғаны 1006 адам, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 376 адам, әлеуметтік жұмысқа 69 адам, жастар іс-тәжірибесіне 43 адам, ақылы қоғамдық жұмысқа 385 адам, микрокредит 6 адам.
Жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жұмыссыз жандарды жұмысқа орналастыру бойынша 30 адам жоспарланған болатын, ағымдағы жылы 30 мүгедек жұмысқа орналасты.