Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауы туралы
ХАБАРЫ
Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, 2021 жылғы 7 шілде күні Жармыш ауылына 2 (екі) кандидат, Қызан ауылына 1 (бір) кандидат және Онды ауылдық округіне 1 (бір) кандидат тіркеді:
Абишев Руслан Сидихович, 1982 жылы туылған, Маңғыстау политехникалық колледжінің оқытушысы, Ақтау қаласында тұрады, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған.
Ордабаев Аман Абдраманович, 1978 жылы туылған, «Шетпе ауылы әкімі аппараты» ММ-де әкімнің орынбасары, Шетпе ауылында тұрады, қазақ, өзін-өзі ұсыну.
Сүлейменов Қонай Құлбекұлы, 1960 жылы туылған, «Қызан ауылы әкімі аппараты» ММ-де ауыл әкімі, Қызан ауылында тұрады, қазақ, «Nur Otan» партиясының мүшесі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған.
Жәнібекұлы Қуаныш, 1995 жылы туылған, «Онды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де бас маман, Онды ауылында тұрады, қазақ, өзін-өзі ұсыну.