Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының қаулысы

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының 

ҚАУЛЫСЫ

 

Шетпе ауылы                                     № 2                 2021 жылғы «25» маусым

 

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

         Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясы, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының

-        Жармыш аулы;

-        Қызан ауыл;

-        Онды ауылдық округі;

-        Тұщықұдық ауылдық округі

әкімдерінің сайлауы 2021 жылдың 25 шілдесіне        тағайындалсын.

  1. Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы ауылдары мен ауылдық округтері әкімдерінің 2021 жылдың 25 шілдесіне тағайындалған сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының келісілген қосымшасымен бекітілсін.
  2. Осы қаулы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясының интернет-бетшесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

          Маңғыстау аудандық

          сайлау комиссиясының төрағасы                                    Ш.Н.Барахатов  

 

 

          Маңғыстау аудандық

          сайлау комиссиясының хатшысы                                    Ә.Ж.Ұзақбай

 

 

 

 

            Шетпе ауылы,

            №2,

            25 маусым 2021 жыл

 

Дата публикации
25 июня 2021