2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Маңғыстау ауданы бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

Қаулы №20

күні 13.10.2026 жыл

 

 

 

 

 

 

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Маңғыстау ауданы бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабына сәйкес Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қаулы етеді:

1. 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі Маңғыстау ауданы бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Округтік  сайлау комиссияларына тиісті күнтізбелік жоспарға сәйкес жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылсын.

3. Осы қаулы Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Комиссия төрағасы                                                                     Л.Жонасов

 

Комиссиясы хатшысы                                                                А.Ордабаев

Дата публикации
14 октября 2026