Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

          2026 жылдың 4 қазанында Маңғыстау ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Ақтөбе ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 897 сайлаушы енгізілді, олардың 547-і дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 4, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 5, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны- 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Мухамеденова Айсауле Карасаевна - 41, Сармысова Раушан - 43, Тұрғанбаев Әсет Мизанбайұлы - 456.

Ақтөбе ауылдық округінің әкімі болып Тұрғанбаев Әсет Мизанбайұлы сайланды, 1991 жылы туған, уақытша жұмыссыз. Ұштаған ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Дата публикации
05 октября 2026