Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 20.05.2026 жылғы №4 қаулысына қосымша
2026 жылдың 28 маусымына тағайындалған Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылдық округі әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылдық округі әкімін сайлауды тағайындау |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 20 мамыр (113-1-б.)
|
|
2. Сайлау округінің тізімін, шекарасын және Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 30 мамырдан кешіктірмей (22-б.)
|
|
3. Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 30 мамырдан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2026 жылғы 4 маусымнан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекарасы туралы мәліметті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Тиісті әкім Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2026 жылғы 4 маусымнан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2026 жылғы 21 мамырдан бастап 2026 жылдың 2 маусымы жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады (113-3-б. 5-т.)
|
|
7. Әкім болуға кандидаттың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (4-б., 113-5-б. 11-т. )
|
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.)
|
|
9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинауға арналған қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.)
|
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып Қол қою парақтары тиісті сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
11. Әкім болуға кандидаттардың жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкім болуға кандидатттар, саяси партиялар Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.)
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің растығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады 2026 жылғы 7 маусымда жергілікті уақытпен 18:00-де аяқталады (113-5-б.)
|
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2026 жылғы 7 маусымда 18:00 де басталады 2026 жылғы 27 маусым 00:00-де аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы органдар және Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
19. Сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Тиісті әкім Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2026 жылғы 8 маусымнан кешіктірмей (24-б. 5-т.)
|
|
20. Сайлау учаскеcі бойынша сайлаушылардың тізімін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2026 жылғы 13 маусымнан кешіктірмей (26-б. 1-т.)
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2026 жылғы 18 маусымнан кешіктірмей (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан ерте дегенде үш күн бұрын және кемінде бір күн бұрын 2026 жылдың 25 маусымынан ерте емес және 2026 жылдың 27 маусымынан кеш емес (37-б. 3-т.)
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскесін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2026 жылғы 28 маусымда жергілікті уақытпен сағат 06:00-де (40-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2026 жылғы 28 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
27. Сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы Маңғыстау аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2026 жылғы 1 шілдеден кешіктірмей (113-10-б.)
|
|
29. Әкімді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2026 жылғы 5 шілдеден кешіктірмей
(44-б.)
|
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлігін беру |
|
|
|
Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғарғаны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2026 жылғы 4 шілдеден кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.