20.05.2026 жыл
№3
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылдық округінің әкімін
сайлау кезінде аумақтық сайлау округін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылдық округінің әкімін сайлау кезінде Сайөтес ауылдық округі аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округінің тізімі, оның шекарасы мен аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының орналасқан жері, құрамы көрсетіле отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында және Маңғыстау ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Л.Жонасов
Төрағаның орынбасары А.Койсарин