GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
23 октября 2026
ҚҰРЫҚ АУЫЛЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

25 Қазан - Республика күніне орай, Қарақия ауданы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында “Бір дән-бір ағаш-бір болашақ” Республикалық экологиялық жобасын іске асыру мақсатында Құрық ауылындағы саябақта ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараға аудан әкімі, аудан прокуроры және жасөспірімдер қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақты қоғамдық пайдалы жұмыстарға тарту, олардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу.

Сонымен қатар, жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу және қоршаған ортаға жанашырлықпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

23 октября 2026
Мереке күндеріндегі ХҚКО мен МХҚКО-лардың жұмыс кестесі

Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді.

Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.

Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.

27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

 

Білім
Денсаулық
Спорт
23 октября 2026
Қарақияда «Жарқын болашаққа бірге жүгір!» марафоны өтті

22 қазан күні Қарақия ауданының Құрық ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында, Республика күніне орай «Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде, Қарақия аудандық прокуратурасының қолдауымен, «SAPSAN» стратегиялық орталығының ұйымдастыруымен «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БІРГЕ ЖҮГІР!» атты жүгіру марафоны өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – аудан тұрғындары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу.

Марафонға 70 қатысушы қатысып, өздерінің жылдамдығын, төзімділігін және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, марафонға белсенді қатысқан өзге де қатысушыларға алғыс хаттар мен медальдар табысталды.

#ЗаңМенТәртіп #ЖарқынБолашаққаБіргеЖүгір #ҚарақияАуданы #ҚұрықАуылы #SAPSAN Марафон СалауаттыӨмірСалты Спорт ҚауіпсізҚоғам

23 октября 2026
Қарақия ауданының Жетібай ауылында есептік кездесу өтті

22 қазан күні Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылында аудан басшысының қатысуымен есептік кездесу өтті. Жиында Жетібай ауылының әкімі Рахат Қаратаев 2026жылдың 10 айы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндама жасады.

Инфрақұрылым саласы бойынша Жетібай ауылы орталықтандырылған ауыз сумен, табиғи газбен, электр және интернет желілерімен 100 пайыз қамтылғаны айтылды. Бұдан бөлек, көше жарықтарын қалпына келтіру, трансформаторларды ауыстыру және ауыз су құдықтарына жаңа қақпақтар орнату жұмыстары жүзеге асқан.

Кәсіпкерлікті дамыту бағытында «Ауыл Аманаты» жобасы аясында кооперативтер құрылып, тұрғындардың жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік қайтарымсыз гранттар алғаны баяндалды.

Сонымен қатар, ауылдағы санитарлық тазалық, бұралқы иттерді залалсыздандыру, тұрғындарды жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған ауқымды жұмыстар қорытындыланды. Атап айтқанда, ауруханалар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, демеушілердің қолдауымен көп балалы және ерекше балалары бар отбасыларға тұрғындарға баспана берілгені атап өтілді. Жиын соңында ауылды абаттандыру, жаңа қоғамдық кеңістіктер мен газ құбырларын қайта жүргізу жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны атап өтілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында есептік кездесу өтті

Бүгін Қарақия ауданының Мұнайшы ауылында аудан басшысы Жансейт Қайнарбаевтың қатысуымен есептік кездесу өтті. Жиында Мұнайшы ауылының әкімі Әбутәліп Тәжібай 2026 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар мен әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы атқарылған шаралар туралы баяндама жасады.

Ауыл әкімінің айтуынша, өткен есептік кездесуде тұрғындар тарапынан түскен 5 ұсыныс-пікірдің бүгінгі таңда 2-сі толық орындалып, 3-і бақылауға алынған. Атап айтқанда, тұрғындарды алаңдатқан ең өзекті мәселелердің бірі-Салтанат және Теміржолшы шағын аудандарындағы апатты тұрғын үйлер мәселесін шешу мақсатында «Реновация» бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Бүгінде ауылда 15 тұрғын үй апатты деп танылып, оларда 336 пәтер орналасқан болса, бұл мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы 360 пәтерге шақталған 5 жаңа тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ өткен кездесуде көтерілген ауылішілік жолдардың сапасына қатысты мәселе де назардан тыс қалмай, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қолдауымен өндірістік аумақтағы 1,7 шақырымдық аудандық маңызы бар автомобиль жолына шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі таңда 6 449 тұрғыны бар Мұнайшы ауылында инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, орталықтандырылған ауыз сумен, 100 пайыз табиғи газ және электр желісімен қамтылған елді мекеннің 41 шақырымдық жол желісінің 72,4 пайызы асфальтталған.

Есепті кезеңде ауыл аумағында жаңа жарық шамдары орнатылып, тозығы жеткен инженерлік желілер мен кәріз құбырлары жаңартылды, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 150 жаңа қоқыс контейнері қойылып, заңсыз салған ескі гараждар мен сарайлар сүріліп, аумақтар тазартылды.

Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында да айтарлықтай жетістіктер бар. Екі білім ошағында 1209 оқушы білім алуда, алғаш рет ашылған «Ангар типті спорт залы» мен жаңа футбол алаңы, воркаут алаңшалары жастардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасауда. Сонымен қатар халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында да жүйелі шаралар қабылданып, бірқатар азамат тұрақты және қоғамдық жұмыстарға орналастырылды, әлеуметтік осал топтарға қажетті көмектер көрсетілді. Жиын соңында ауыл әкімі алдағы уақытта балалар ойын алаңдарын жөндеу, жастар саябағындағы футбол алаңын қалпына келтіру және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жоспарланғанын жеткізді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

22 октября 2026
Қарақия ауданының Бостан ауылында есептік кездесу өтті

Қарақия ауданына қарасты Бостан ауылында 2026 жылдың 10 айында атқарылған әлеуметтік-экономикалық жұмыстар мен алдағы жоспарларға арналған есептік кездесу өтті. Жиын барысында ауыл әкімі Серікқали Шаттықұлы Сырымов баяндама жасап, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен атқарылған істерге кеңінен тоқталды.

Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылдың тыныс-тіршілігіне қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кездесу соңында көтерілген әрбір мәселе жіті бақылауда болатыны атап өтіліп, алдағы уақытта атқарылатын ауқымды жұмыстар мен абаттандыру жобаларының бағыт-бағдары айқындалды.

Қарақия ауданың әкімдігінің баспасөз қызметі

22 октября 2026
Қарақия ауданының Құланды ауылында есептік кездесу өтті

Құланды ауылында 2026 жылдың он айында атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы міндеттер жүйелі түрде қорытындыланды. Есепті кезеңде білім беру, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, кәсіпкерлік және ауылды абаттандыру бағыттары бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша Құланды ауылының дәрігерлік амбулаториясына РПН жүйесі бойынша 1677 тұрғын тіркелген. Есепті кезеңде диспансерлік есепте 115 адам, мүмкіндігі шектеулі 37 азамат, 14 жүкті әйел бақылауға алынып, медициналық көмекке жүгінген 630 тұрғынға тиісті қызмет көрсетілді.

Инфрақұрылым саласында ауыл тұрғындары 100% орталықтандырылған ауыз сумен және табиғи газбен қамтылған. Ауылішілік автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 10,5 шақырымды құраса, оның 5,8 шақырымы асфальтталған. Көше жарығы 100% энергия үнемдегіш ЛЕД шамдарымен жабдықталған. М.Жырау, О.Тұрмағанбетұлы, С.Жаңғабылұлы, Е.Айшуақұлы және Т.Балтабасұлы көшелеріне ұзындығы 3,082 метр болатын жолдарға жобалық-сметалық құжаттары түзіліп, қазіргі таңда конкурс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Көше тазалығын ұйымдастыру мақсатында «Таза Қарақия» мекемесімен келісімшарт жасалып, арнайы техникалар бөлінді және 8 жұмысшы тұрақты негізде еңбек етуде. Сонымен қатар көктемгі және күзгі сенбіліктер ұйымдастырылып, ауыл аумағындағы көшелер абаттандырылып, түрлі ағаш көшеттері мен тұқымдары егілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

21 октября 2026
Қарақия ауданының Сенек ауылында есептік кездесу өтті

Қарақия ауданының Сенек ауылында 2026 жылдың өткен он айы ішінде әлеуметтік-экономикалық бағытта ауқымды жұмыстар атқарылып, өңірдің инфрақұрылымын жақсарту мен тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылды.

Инфрақұрылым саласында ауыл тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен және табиғи газбен толық қамтылған, ал ауыз суды үздіксіз жеткізу жұмыстарын «Тұрмыс-Сервис» коммуналдық кәсіпорнының бөлімшесі атқаруда.

Ауылішілік автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 14,5 шақырымды құраса, оның 9 шақырымы немесе 62 пайызы асфальтталған, ал қалған 5,5 шақырымы асфальтталмаған. Сонымен қатар көшелерді жарықтандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп, Су1-ге дейінгі аралықтағы 1,7 шақырым жерге 60 дана жарық шам бағанасын орнату үшін «Ақиқат» жеке кәсіпорнымен 8 миллион 990 мың теңгелік мемлекеттік сатып алу келісімшарты түзіліп, жыл соңына дейін аяқталу жоспарлануда.

Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласында ауылда 69 шаруа қожалығы мен 288 жеке үй шаруашылығы тіркеліп, мал басы айтарлықтай өсім көрсетуде, атап айтқанда түйе 4639, жылқы 8284, сиыр 1221 және ұсақ мал 16650 басты құрап отыр. Бұдан бөлек, ауыл аумағында 7 азық-түлік дүкені, 3 газ құю бекеті, 1 дәріхана және 1 автокөлік жуу орталығы табысты жұмыс істеп тұр. Ал тұрғындардың өтінішіне орай жыл басынан бері 21 бұралқы ит ауланып, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты жалғасуда.

Ауылдың санитарлық тазалығын «Таза-Қарақия» коммуналдық кәсіпорны қамтамасыз етіп, арнайы техникалар арқылы күнделікті күл-қоқыс шығарылып, тұрақты жұмысқа қабылданған 5 жергілікті тұрғын тазалық жұмыстарын атқаруда.

Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салалары да назардан тыс қалмаған. «Қашаған Күржіманұлы» жалпы білім беретін мектебі 350 орынға шақталған болып, 57 педагог пен 46 кіші қызметкер жұмыс істейді және оқу жылы 389 оқушымен басталып, қазіргі таңда оқушылар саны 392-ге жетті. Сондай-ақ 50 орындық «Шұғыла» бөбекжайы мен 50 орындық жекеменшік «Ясин» балабақшасы балаларды тәрбиелеуде.

Сенек дәрігерлік амбулаториясы мен Аққұдық елді мекенінің амбулаториясы тұрғындарға медициналық қызмет көрсетуде, ал аудандық «Мансап» орталығында 37 адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның ішінде 10 азамат ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке  көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.

Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.

QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.

Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.

 

 

20 октября 2026
Қарақия ауданында ауыл әкімдерінің атқарып жатқан жұмыстары пысықталды

19 қазан күні Қарақия ауданында аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтті. Жиын барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және алдағы тұрған міндеттерді сапалы орындау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Күн тәртібіне сәйкес, ауыл әкімдері өздеріне қарасты елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылымды жақсарту және абаттандыру бағытындағы шаралар туралы есеп берді. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан көтерілген түйінді мәселелерді шешу жолдары мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы пысықталды.

Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, ауыл әкімдері мен тиісті бөлім басшыларына жұмыс қарқынын үстемдетуді, әрбір атқарылып жатқан жұмыстардың уақтылы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Социальные сети
Фейсбук
Инстаграмм
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы