Аудан әкімі қоғамдық кеңеске есеп берді.

Аудан әкімі қоғамдық кеңеске есеп берді.

 30 қаңтар күні Қарақия ауданының әкімі Қыдырберді Әндірұлы Бековтың 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы Қарақия аудандық қоғамдық кеңестің алдында есеп беру кездесуі өтті.
 Есептік кездесуге аудандық Қоғамдвқ кеңес мүшелері, Маңғыстау облыстық Экономика және қаржы басқармасы басшысы Әлібекова Марина Борисқызы, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысты.
 Жиынға Қоғамдық кеңес төрағасы Сәрсенғали Маркс Тайырұлы төрағалық етіп, аудан әкімінің есептік  баяндамасын тыңдады. Бұдан соң баяндамаға қатысты сұрақ-жауапқа кезек беріліп, ұсыныс айтылды. 
 Есептік жиын қорытындысымен кеңес мүшелері аудан басшысына оң баға берді.

#Қарақия_Қоғамдық_кеңес_Әкім_есебі
--