
22 желтоқсан күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Қ.Бековтың қатысуымен Қарақия аудандық мәслихатының кезекті қырық алтыншы сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл әкімдері аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары, Қарақия аудандық полиция бөлімінің басшысы қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет, аудандық мәслихаттың 2021 жылға арналған жұмыс жоспары, аудандық мәслихат аппаратының құрылымы және оны материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстар, аудандық мәслихаттың қырық жетінші сессиясының төрағасын сайлау мәселелері қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер аудандық мәслихат депутаттарымен талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихаттың қырық жетінші сессиясының төрағасы болып Бақтыгерей Дүсүпов сайланды.
Сессия марапаттау рәсіміне ұласты. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Маңғыстау облысы әкімдігінің Құрмет грамотасымен Айсұлу Бекова марапатталды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мейрамгүл Аманиязова мен Жұмабай Аділбеков "Халық алғысы" мерекелік медалімен марапатталды.
Сондай-ақ аудандық мәслихаттың басқа да депутаттары Маңғыстау облыстық мәслихат хатшысының және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Марапат иелерін құттықтаймыз!