Мәдениет саласымен келесі жұмыстар жүргізіледі: театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру; жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс шаралар өткізуді жүзеге асыру, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізу.