Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары

Жер қатынастарымен келесі жұмыстар жүргізіледі: жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу; жер қатынастарын реттеу саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау, жерге орналастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу мен іске асыру, арнайы жер қорын құру; жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету; ауданның жер қатынастары саласын дамытудың стратегиялық жоспарын, аудан әкімінің жер қатынастары саласындағы шешімдері мен өкімдерінің және аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын дайындау; мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті регламенттері мен стандарттарын сақтау, әкімшілік рәсімдерін сақтау, ауылдық атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.

 

Жер учаскесін (ЖТҚ) алу кезегін тексеру тәртібі төмендегідей жүзеге асырылады:

Азамат https://map.gov4c.kz/egkn/ сілтемесі бойынша Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының (БМЖМК) жария кадастрлық картасына кіруі қажет.

Одан әрі порталға электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып авторизациядан өту талап етіледі. Авторизациядан кейін пайдаланушыға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегі бойынша ақпарат, оның ішінде кезектегі мәртебесі мен реттік нөмірі қолжетімді болады.

ЖТҚ үшін жер учаскесін алу кезегіне қою мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына № 15 қосымшаға сәйкес «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары шеңберінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші «Электрондық үкімет» порталы (https://egov.kz/) арқылы электрондық өтінішті ЭЦҚ пайдалана отырып жолдауы қажет.

Осылайша, кезекке қою «Электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады, ал кезекті тексеру Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы орындалады.

 

 

Дата публикации
20 апреля 2020
Дата обновления
13 апреля 2026
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

23 октября 2026
20 октября 2026
15 октября 2026

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграмм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы