Меню

Страницы

Статья

Қарақия аудандық газеті

 
Форматы

A3

Иесі

"Маңғыстау-Медиа" ЖШС

Бас редакторы

Шынар Гэндэнқызы

Құрылған жылы

1 шілде 1985 жыл

Тілі

қазақша

Қарақия аудандық газеті «Коммунизм таңы» деген атпен 1985 жылдың 1 шілдесі күні алғашқы санын шығарды. Аудандық газеттің алғашқы редакторы болып, Амантай Жамаледдинов бекітілді. Қажетті базасы мен маман журналистердің жоқтығына қарамастан, ел ішіндегі талантты жандардың қолдауымен газет шығару, оны сонау Жаңаөзен қаласына апарып, аптасына үш рет шығару технологияның қарапайым кезінде күрделі шаруа екені белгілі. Сол кездерде журналистік жұмысқа араласқандардың көбі қазір облысымыз бен Республикамызға белгілі мамандар. Оларды атап айтсақ: Мырзатай Болат, Ізтұрған Ахметов (марқұм), Болат Үмбетов, Еркеш Нәрембаева, Майра Ғұмарова т. б.

Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1992 жылы 2 наурызда аудандық газет оқырмандардың, аудан тұрғындарының қалауымен «Түлеген түбек» деп аталды.

Аудандық газетке 1994 жылдан 2001 жылдың күзіне дейін Өтежан Ақташұлы Оңғарбаев редакторлық етті.

2001 жылы аудандық газет нарық қыспағынан ақыры жабылды.

Араға бір жыл салып, кәсіпкер, «12-Телеарна» ЖШС директоры Есболған Мұханов ағамыз бұл істі қайта қолға алып, 2002 жылы 9 қыркүйекте «Қарақия жаңалықтары» атты аудандық газет шығара бастады. Бұл газет 2003 жылы 31 желтоқсанда аудан әкімдігімен келісім шарттың аяқталуына байланысты, жұмысын тоқтатты.

2003 жылы 31 мамырында облыс әкімінің аудандық газеттерді коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қылып қайта құру туралы қаулысы шықты. Осы қаулыға орай, 2004 жылы қаңтарынан бастап, Қарақия аудандық газетін қайта құру қолға алынды. 2004 жылдың ақпан айына дейін аудандық газеттің ашылуына қажетті құжаттар жинақталып, мемлекеттік тіркеуден өткен соң, оның алғашқы саны 27 ақпан күні шығарылды. Газеттің материалдық-техникалық базасының нығаюына аудан әкімдігі көп көмек тигізді. Көлікпен қамтылды. Газетке 9 штат бөлінді. Сөйтіп, аудандық газеттің мүмкіндігі кеңейді.

Аудандық «Қарақия» газетіне 2008 жылдың сәуір айынан 2010 жылдың тамыз айына дейін Шынар Кендін, 2010 жылдың тамыз айынан 2013 жылдың сәуір айына дейін Қаламқас Сатыбалды, 2013 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың шілде айына дейін Әбдуәли Махамбетов, 2014 жылдың шілде айынан 2015 жылдың маусым айына дейін Анар Қалжан редакторлық етті.

Дата публикации
30 мая 2022
Дата обновления
Тип
Газеттер/Журналдар

Сейчас читают

23 октября 2026
20 октября 2026
15 октября 2026

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграмм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы