Меню

Страницы

Статья

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық  (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

            Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі 2021 жылы 24 желтоқсан сағат 11:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

            Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.

            Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

            Аукционға қатысу үшін мыналарды:

 

1) жеке тұлғалар үшін:

— жеке сәйкестендіру нөмірі, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

 

            2) заңды тұлғалар үшін:

— бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

            3) кепілдік жарнаны қайтару үшін  екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу  шотының деректемелерін;

            4) байланыс деректерін  (почталық мекенжайы, телефоны, факс,  e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет. 

            Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің  веб-порталында тіркеу қажет.

            НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

            Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша  тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді  қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

            Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.

            Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.

            Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз  ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.

            Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.

            Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана  отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік  он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын  мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.

Аукционға  қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:

Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ;  БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 16.

Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.

Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.

Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.

Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

 

Аукционға бағаны көтеру әдісімен келесі сату объектілері қойылады:

Қатар саны

Жер учаскесінің

мекен-жайы

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің ауданы  (га)

Сату объектісі (құқық түрі)

Жер учаскесіне шектеулермен

ауыртпашылықтар

Бастапқы баға (теңге)

Кепілдік жарна жер учаскесінің 15 % қүрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек (теңге)

Жер учаскесіне          1 жылға

қойылатын салық мөлшері

(теңге)

1

Қарақия ауданы, босалқы жер қоры,

қалдықтарды қайта өңдеу кешенін салу үшін 

10,0

6 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау)

 

11 650 000

209 700

2663

2

Құрық ауылы, Құрық-Ақтау тас жолынан 1,5 км

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,1700

Жеке меншік

 

1 513 000

226 950

1224

3

Құрық ауылы, Құрық-Ақтау тас жолынан 1,3 км

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу және пайдалану үшін

0,1750

Жеке меншік

 

1 557 500

233 625

1260

4

Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылы жерінен

Тауық фермасын салу үшін

0,9

6 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы

 

6 030 000 

145 850

5184

5

Құрық ауылы, 5 шағын ауданы жерінен

Кәсіпкерлік нысан құрылысын салу үшін

0,01

Жеке меншік

 

71 200

145 850

72

6

Қарақия ауданы, Аққұдық елді-мекені жерінен

АГҚС құрылысын салу үшін

0,1

Жеке меншік

 

126 000 

145 850

720

Ұйымдастырушы:  «Қарақия аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (72937) 2-18-00.

Дата публикации
09 декабря 2021
Дата обновления
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

23 октября 2026
20 октября 2026
15 октября 2026

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграмм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы