Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен төтенше жағдай кезінде азаматтардың интернет желісіне, байланыс құралдарына қол жетілімдігіне шектеу қойылуына байланысты барлық деңгейлерде қоғамдық кеңестердің жаңа құрамдарын қалыптастыру процестері уақытша тоқтатылған.
Қазіргі уақытта төтенше жағдай режимінің аяқталуына байланысты қоғам мен билік арасындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту мақсатында қоғамдық кеңес мүшелігіне конкурс жариялау ұзартылғандығын хабарлайды.
Осыған орай, коммерциялық емес ұйымдар мен 18 жасқа толған және Қарақия ауданы аумағында тұратын азаматтар 2022 жылғы 4 ақпанды қоса алғандағы мерзім ішінде конкурсқа қатысу үшін келесідей құжаттарды пошта арқылы немесе жеке ұсынуға болады:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
Кандидаттар туралы ұсыныстар ағымдағы жылдың 4 ақпанды қоса алғандағы мерзім ішінде аудандық мәслихатқа мына мекенжайға ұсынылу керек:
Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, 8 ғимарат, 108-бөлме.
Байланыс телефоны: 21255.
Эл.пошта: karakia-maslikhat01@mangystau.gov.kz.
Қарақия ауданының қоғамдық
кеңестер құру жөніндегі жұмысшы тобы.