Маңызды ⬇️
🔷️ Бөлшек сауда салығы 2026 жылы қолданылмайды.
🔷️ Оңайлатылған салық декларациясына негізделген арнайы салық режимін пайдалануды жоспарлайсызба?
Хабарлама жіберуді ұмытпаңыз.
❗️Хабарлама жібермесеңіз - жүйе сізді автоматты түрде жалпыға бірдей салық режиміне ауыстырады.
🔷️ Егер сіз жалпыға бірдей салық режиміне ауыссаңыз, оны жыл бойы пайдалануыңыз керек екенін ескеріңіз. Жылдың ортасында оңайлатылған салық режиміне қайтадан орала алмайсыз.
Толық ақпарат білгіңіз келсе Қарақия ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына хабарлассаңыз болады. Байланыс нөмірі: 872937-21243.