Меню

Страницы

Статья

2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі

Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға мүмкіндіктер ашуда. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына кіретін бірегей жоба.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы салаларында жеңілдікті кредиттер беру арқылы ауылдық жерлер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5%-бен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін-8 мың АЕК-ке дейін құрайды.

2025 жылы жаңа шағын несие беруге және 8,1 мың жұмыс орнын құруға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланатын болады, бұл бағдарлама жұмысының тиімділігін арттырады және өтінім беру мен кредит алу үдерісін жеделдетеді.

2023-2024 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 120 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 107,9 млрд теңге сомасына 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік берді, 17,8 мың жаңа жұмыс орны құрылды.  

Бағдарламаны іске асыру басталғаннан бері өңірлерде 540-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, олардың 537-сі 12,1 млрд теңге сомаға қаржыландыруды алды.

Дата публикации
27 марта 2025
Дата обновления
27 марта 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

23 октября 2026
20 октября 2026
15 октября 2026

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграмм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы