Меню

Страницы

Статья

Адалдық ақ халаттылардан басталуы керек!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер, әр салада жүзеге асырылуда. Осыған байланысты, Қарақия ауданы ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі жариялаған биылғы әлеуметтік жобаны "Ой-сана" психологтар қоғамдық бірлестігі жеңіп алған болатын. Аталған үкіметтік емес ұйым бұл бағыттағы жұмысын маусым айында бастап кеткен, жылдың соңына дейін жалғастыратын болады. 15 тамыз күні аталған ұйымның өкілдері аудан орталығы Құрыққа келіп, сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкері Нұргүл Мұқатаеваның қатысуымен аудандық аурухана қызметкерлерімен кездесті. Арнайы мамандар келіп сыбайлас жемқорлықпен күрес мәдениетін қалыптастырудағы медициналық ұйымдардың, қызметкерлердің рөлі, міндеті мен жауапкершіліктері туралы семинар өткізді. Нұргүл ханымның айтуынша, сыбайлас жемқорлық қоғамның әр саласында етек алған келеңсіз жағдай. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан халықтың ең көп қатынасатын ортасы – медициналық ұйымдарда бұл келеңсіздікке жол бермеу аса маңызды. Белгілі маман аталған тақырып туралы ақ халаттылармен пікір алмасып, сұрақтарына жауап берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды таныстырып, оның жауапкершілігін түсіндірді. - Сыбайластыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты және нәтижелі түрде жүргізіп отыру – бүгінгі қоғам талабы. Еліміз бұл мәселеге ерекше мән беріп, назар аударып отыр. Біз бүгін осы ауданның әлеуметтік жобасы аясында медицина қызметкерлерімен кездесіп отырмыз, алдағы уақытта алыс ауылдарға да баратын боламыз, - дейді жобаны жүзеге асырушы қоғамдық бірлестіктің психолог маманы Лайла Сұлтанбаева. Сондай-ақ семинар барысында тақырыпқа сай бейне ролик пен көрнекі материалдар көрсетіп, жадынамалар таратылды. Жадынамада, парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болатындығы көрсетілген. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықты жою бағытында 1998 жылдың 2-шілдесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданса, 2015 жылдың 18-қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданған болатын.
"Ой-сана" психологтар қоғамдық бірлестігінің басшысы Ләйла Султанбаева

Дата публикации
05 сентября 2024
Дата обновления
05 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

23 октября 2026
20 октября 2026
15 октября 2026

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграмм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы