Меню

Страницы

Статья

❗️Маңғыстау облысының әкімдігі жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

📌Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады.
⠀
🗓️Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады.
⠀
Байқау екі кезеңде өтеді:
1. Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 1 шілдеге дейін).
2. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (3 шілдеден 17 шілдеге дейін).
⠀
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен танылған 20 үздік отбасыға беріледі. Конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.
⠀
ℹ️Толық ақпаратты қалалық, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады.
 
Байланыс телефондары:
Ақтау қаласы: 8(7292) 33-65-73;
Жаңаөзен қаласы: 8(72934) 77-0-04;
Бейнеу ауданы: 8(72932) 2-10-17;
Маңғыстау ауданы: 8(72931)2-23-61;
Мұнайлы ауданы: 8(7292)46-62-28;
Қарақия ауданы: 8(72937)2-21-09;
Түпқараған ауданы: 8(72938)2-29-01.
 
#Otbasym2024
#Мерейліотбасы2024
Дата публикации
15 мая 2024
Дата обновления
15 мая 2024
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
15 октября 2026
08 июля 2026

Социальные медиа

Фейсбук
Инстаграмм

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы