Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатыны анық. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп, адами қасиетте қалып- парасат биігінен көрінуге тиіспіз.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық дамуды тежейтіні баршаға мәлім. Жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай сіз бен біз яғни қоғамның басты міндеті мен борышы, осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік бағдарлама жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы қажет.
Сондықтан, кез келген ортада сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халыққа құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор.
Әр азамат, туған елінің өніп-өркендеуіне ат салысса, өз Отанының нағыз патриоты болса, жемқорлық жойылары хақ.
Сөзімізді түйіндей келе, сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет екендігін әрбір азамат пен азаматшалар түсініп, қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттырып, кемел мемлекетті қалыптастыру үшін қоғамда, жалпы елде болмауы керек бір маңызды дүние болса, ол-жемқорлық деп есептесін. Сыбайлас жемқорлық толықтай қазақ қоғамына, одан қанына сіңе бастаса, ұлт ұлт болудан, ел ел болудан қалады. Сондықтан елдегі бұл ауыр індетті жою үшін аянбай күресу- әрбір қазақстандық азаматтың азаматтық та ,адамзаттық та парызы деп білемін.
“Құрық ауылы әкімі аппараты” ММ