Қарақия ауданында 2025 жыл бойынша барлығы 53 қызмет түрінен 5638 (2024 жылы – 7425) қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- мемлекеттік органмен - 4 қызмет түрі бойынша 255. (2024-333);
- мемлекеттік корпорация - 13 түрі бойынша 866, (2024-1430);
-электронды портал арқылы - 48 түрі бойынша 4517 (2024-5662) қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны -946 (2024 жылы – 1139).
-қағаз түрінде - 121, (2024-126)
-электрондық түрде- 825 (2024-1647) қызметтен бас тартылған.
Негізгі бас тартудың себептері: нормативтік құқықтық актілердің заң талаптарына сәйкес келмеуі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге 2025 жыл бойынша Қарақия ауданы әкімдігіне тікелей келіп түскен шағымдар болған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары
Қарақия ауданы әкімінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 171 өкімімен бекітілген «2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» өкімімен іс-шара жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесіне сәйкес, 2025 жылдың жоспары бойынша жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 6, («Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»ММ, «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»ММ, «Қарақия аудандық ауылшаруашылығы бөлімі»ММ, «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі»ММ, «Қарақия аудандық мәденеит, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ).
Анықталған бұзушылықтардың саны – 85 оның ішінде:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері -9.
- көрсетілетін қызметті алушылардан артық құжаттарды талап ету-2;
- көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерінің бұзылуы-70;
- көрсетілетін қызметті берушімен жұмыс мерзімін сақтамау -4.
Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны -32 (орындалғаны-32).
Аталған кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге:
«ескерту» түріндегі – 2 (Е.Өтесов, А.Ақболат) шара қолданылды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мерзім бұзушылықтар
2025 жылs мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдерін бұзу бойынша – 1 фактісі («Құрық ауылы әкімінің аппараты– 1) анықталды.
ҚР Жасанды интелект және цифрлық даму министрлігінің мерзім бұзушылықтар бойынша ай сайынғы жүктемесіне сәйкеc, анықталған мерзім бұзушылық- 1.
Мерзім бұзушылыққа жол берген Құрық ауылының әкіміне 25 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) әкімшілік айыппұл салынды.
Аумақтық департамент қызметкерлерімен жүргізілген жоспарлы тексеру нәтижелеріне сәйкес – 88 заң бұзушылықтар анықталды (Қарақия ауданы әкімінің аппараты).
– Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері – 2,
(Қарақия аудандық жер қатынастарысаласы жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына тәртіптік жаза берілді, ескерту-1).
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілетін қоғамдық мониторинг
Қарақия ауданына 2025 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық мониторинг жүргізу үшін 1213000 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталында 07.02.2025 жылы байқау жарияланды.
Байқау қорытындысы бойынша «Шуағынды шаш» қоғамдық бірлестігі ұтып, қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілді.
Қоғамдық мониторинг техникалық шарттарына 4 мемлекеттік қызметтің түрі («Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу», «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мүк.та.ж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы», «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту») енгізілді.
Қарақия ауданы әкімі аппаратымен «Шуағынды шаш» қоғамдық бірлестігімен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру аясында іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізу бойынша» жоспар жасақталды.
Ағымдағы жылдың 05 қарашасында Қарақия ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметтердің мониторинг қорытындысы талқыланды. Жиынға мемлекеттік органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Жиын барысында қоғамдық мониторинг қорытындысы баяндалып, көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі, тұрғындардың қанағаттану көрсеткіштері мен жиі кездесетін мәселелер талқыланды.
https://www.facebook.com/share/v/1EnPqki6u2/
Нәтижесінде қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейі 80 пайыздық көрсеткішті құрады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандардың тәжірибе алмасуы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша аудан, қала әкімдіктерімен жауапты мамандарының тәжірибе алмасуға 2025 жылға жоспар бекітілді. 2025 жылдың наурыз айында арналған іс-шара жоспарына сәйкес, аудан, қала әкімдіктерінен 4 мемлекеттік қызметші тәжірибе алмасудан өтті.
Қарақия аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Д.Губашева Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінен наурыз айының 17-18 күндері аралығында тәжірибе алмасты.13.03.2025 жылы Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Л.Жолдасбаева, бас маман А.Ержанова Мүнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен тәжірибе алмасты.
13.03.2025 жылы Сондай-ақ Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас мамандары Д.Абдынасырова, А.Ақболат Мұнайлы аудандық жер ұатынастары бқлімі мен Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінен тәжірибе алмасты.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша аудан, қала әкімдіктерімен жауапты мамандарымен тәжірибе алмасуға 2025 жылға жоспар бекітілді. 2025 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 2 тоқсанында аудан, қала әкімдіктерінен 3 мемлекеттік қызметші тәжірибе алмасудан өтті.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Бостан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г.Мұханалиева «Қызылсай ауылы әкімі аппараты» ММ-нен жер қатынастары саласы бойынша тәжірибе алмасты.
Ағымдағы жылдың мамыр айында Мұнайшы ауылы әкімі аппаратының бас маманы Е.Маңғытаев «Маңғыстау ауылы әкімі аппараты» ММ-нен жер қатынастары саласы бойынша тәжірибе алмасты.
Ағымдағы жылдың маусым айында Мұнайшы ауылы әкімі аппаратының бас маманы М.Налықов «Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-сі мен «Қарақия аудандық Мансап орталығы»ММ-сінен әлеуметтік сала бойынша тәжірибе алмасты.
2025 жылдың қыркүйек айының 15-19 аралығында аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің басшысы А.Жұмағалиева облысы әкім аппаратының цифрландыруды дамыту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі бөлімінен тағылымдамадан өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілген түсіндіру шаралары
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан тұрғындарына түсіндіру (барлығы 62, оның ішінде: түсіндіру шаралары–34, әлеуметтік желілерге жариялау – 10, семинар-5, жәрмеңке – 7, брифинг-6), аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны – 2445.