Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 86/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Қарақия ауданы әкімдігінің бөлімдерімен (ведомствалық бағынысты мекемелермен) 7 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен 147 қызметтің түрі көрсетіледі, оның ішінде нақты көрсетілген мемлекеттік органмен-8, мемлекеттік корпорациямен-25, электронды портал арқылы- 41.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша жүргізілген ішкі бақылау жұмыстары
Қарақия ауданы әкімінің «Қарақия ауданы әкімінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №168 «2023 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасының сақталуы бойынша Ішкі мемлекеттік бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы өкіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 31 шілдесіндегі №113 өкімімен бекітілген жоспарына сәйкес,
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесіне сәйкес, 2023 жылдың жоспары бойынша жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 4
1.«Сенек ауылы әкімінің аппараты» ММ;
2.«Бостан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
3.«Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ;
4.«Құланды ауылдық округі әкімі аппараты» ММ;
Анықталған бұзушылықтардың саны – 32 оның ішінде:
-бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделмеген құжаттарды талап ету фактілері – 16;
-мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері – 5;
-мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері -9;
-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері– 2;
«Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-не а.ж. тамыз айында жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесімен берілген 5 ұсынымның 4-і мерзімінде орындалып, 1-і (анықталған кемшіліктерге жол берген жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершілік мәселесін қарау жөнінде) а.ж. қазан айында анықталған бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғаға «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылып, а.ж. 4-тоқсанында орындалып, көрсеткіш 4-тоқсанның есептік мәліметінде көрсетілді.
Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны -18 (орындалғаны-18)
Аталған кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге «ескерту» түріндегі – 3 шара қолданылды. (2022 жылдың кезеңінде Сенек ауылы әкімі мен бас маманына ескерту берілген -2, «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ –нің инспекторы– 1)
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында «Маңғыстау облысындағы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның филиалына дәрістерге жіберіледі. 2023 жылдың 12 айында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер саны- 9.
2023 жылдың 12 айы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша
Қарақия ауданында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны барлығы 9403 мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде:
1)11.1-көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 7;
2)11.2- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 189;
3)11.2-мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтің саны – 2062;
4)11.3-көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электрондық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 7145;
5) 11.4-көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0;
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны – 1522; (қағаз түрінде -180, электрондық түрде -1342).
Қарақия ауданында 2023 жылдың 12 айы бойынша барлығы 59 қызмет түрінен (9403) қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- мемлекеттік органмен- 8 қызмет түрі бойынша (196);
- мемлекеттік корпорация -25 түрі бойынша (2062)
-электронды портал арқылы 41 түрі бойынша (7145) қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша
мерзім бұзушылықтар, шағымдар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге 2023 жылдың 12 айы бойынша Қарақия ауданы әкімдігіне тікелей келіп түскен шағымдар болған жоқ.
2023 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдерін бұзу бойынша – 5. Атап айтқанда, «Болашақ ауылы әкімінің аппараты» ММ-де – 2, «Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де – 2, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» ММ-де – 1 мерзім бұзушылық фактісі анықталды.
Аталған кемшіліктерге жол берген қызметкерлерге «ескерту» түрінде – 2 (Болашақ ауылы әкімінің аппараты» ММ – 1, «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» ММ – 1), «әкімшілік айыппұл» түрінде – 1 («Қарақия аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ – 1) шара қолданылды.
Аумақтық департаменттің «Е-лицензиялау» АЖ-не қашықтықтан жүргізілген бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар бойынша Құрық ауылы әкімінің аппаратында 3 бас тарту тәртібінің бұзылуы анықталды. Бұл бағытта бөлім қызметкеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауызша ескерту берілді
Қарақия аудандық құрылыс. сәулет және қала құрылыс бөлімінда 2 негізсіз бас тарту анықталды. Тергеп-тексеру нәтижесінде акт жасақталып, мәселе аудандық тәртіптік комиссия отырысында қаралды. Тәртіптік комиссия негізсіз бас тартуға жол берген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бөлімінің бас маманына «Ескерту» түріндегі тәртіп жаза беруге шешім шығарды.
Есептілік нысандар бойынша
Алайда аталған қызмет бойынша «электрондық үкіметтің веб-порталы автоматтандырылмаған және нормативтік құқықтық актісінде сәйкессіздіктер (қағиданың талаптарында кеңсе арқылы көрсету тәртібі көрсетілмеген, өтініш үлгісінде кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері қосылмаған) бар.
«Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары», «Сервистік әкімдік»
Қарақия ауданы бойынша барлығы- 40 «өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» аудан, ауыл әкімдіктерінде, жергілікті атқарушы органдарда, білім беру ұйымдарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 2023 жылдың 12 айы бойынша барлығы 1489 қызмет көрсетілген.
«Сервистік әкімдік» арқылы аудан әкімі мен орынбасарлары тарапынан 290 азаматтың жеке сұрақтарына байланысты қабылдау жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша бас тартулар
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ең көп бас тарту:
406.- «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» - 619;
Негізгі бас тартудың себептері: Қызмет алушылардың білім беру ұйымдарында қаржылық және материалдық көмек алуына байланысты
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілген түсіндіру шаралары
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан тұрғындарына түсіндіру (барлығы 99, оның ішінде: түсіндіру шаралары–71, әлеуметтік желілерге жариялау – 19, брифинг – 1, мақала – 4, брошюра таратылды – 4 рет 200 дана) жұмыстары жүргізілді, аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны – 2037.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілген жиналыстар
17.01.2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметтер бағытында атқарылған жұмыстар бойынша аудан әкімінің төрағалығымен аппараттық жиналыс, 06.04.2023 жылы аумақтық департаментпен «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне қашықтықтан жүргізілген мониторинг жұмыстарының қорытындысы негізінде анықталған кемішіліктер мен ескертпелерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында жер қатынастары саласы бойынша аудан әкімінің орынбасарының төрағалығымен жиналыс өткізілді.
06.09.2023 жылы Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі бақылау қорытындысы бойынша аудан әкімі орынбасарының төрағалығымен жиналыс өткізілді.
21.11.2023 жылы 2023 жылдың 10 айы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы туралы аппарат басшысының төрағалығымен жиналыстар өткізіліп, ауыл әкімдері мен бөлім басшыларына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандардың жұмысын ұдайы қадағалау, мерзім бұзушылыққа жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, заң бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша мерзім бұзушылықтарға, негізсіз бас тартуларға жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жүргізілетін қоғамдық мониторинг
Қарақия ауданы әкімі аппаратының 2023 жылға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Қарақия аудандық әкімдігінің көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» тақырыбы бойынша 890 000 мың теңгеге келісімшартқа отырып, тиісті жұмыстары «Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігімен 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі бойынша жоспар бекітіліп, соған сәйкес жұмыстар жүргізілді.
Жоба аясында сауалнамаға арналған анкеталар әзірленіп, тапсырыс берушімен келісіліп, 400 дана сауалнама дайындалды. Қарақия ауданы бойынша үй үйді аралап, тұрғындар арасында 400 дана сауалнама жүргізілді. Қарақия аудандық ХҚКО-на «құпия бақылаушы» ретінде 10 мониторинг жүргізу жоспарланып, жоспар бойынша «құпия бақылаушы» ретінде мониторинг жүргізілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу жолдарын түсіндіру мақсатында бейнероликтер келісіліп, 3 дана бейнеролик дайындалып, бейнероликтер әлеуметтік желілерге жарияланды.
Сонымен қатар, жоспарға сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 5 (бес) тереңдетілген сұхбат жүргізілді.
Қоғамдық мониторинг жұмыстары мамыр-желтоқсан айлары аралығын қамтыды.
Қазіргі таңда, аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қоғамдық мониторинг жұмыстары аяқталып, есебі қабылданды.
Нәтижесінде қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейі 87 пайыздық көрсеткішті құрады.
Қарақия ауданы әкімінің
аппарат басшысы Б.Ерденбаев