Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімін сайлау кезінде Мұнайшы ауылы аумағында аумақтық сайлау округін құру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімін сайлау кезінде Мұнайшы ауылы аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау  округінің  тізімі,   оның   шекарасы мен Қарақия ауданының 

аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан жері көрсетіле отырып, «Қарақия» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын және Қарақия ауданы әкімі аппараты сайтының «Сайлау» интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

Комиссия төрағасы                                                        А. Мееров

Комиссия хатшысы                                                        Г. Жайылханова

Дата публикации
08 апреля 2026