Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының ХАБАРЫ

      2026 жылдың 1 наурызында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

      Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының  2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

      Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 954 сайлаушы енгізілді, олардың 356 дауыс беруге қатысты. «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 1, жарамсыз бюллетеньдер саны - 7.

      Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

      Айтбаев Қоныс Есбосынұлы - 101, Сырымов Сериккали Шаттыкович -188, Тәжібай Әбутәліп Бахтиярұлы - 59.

      Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Бостан ауылдық округінің әкімі болып Сырымов Сериккали Шаттыкович сайланды, 1988 жылы туған, «Қарақия аудандық Мәдениет үйі» МКҚК Бостан ауылдық мәдениет үйі, меңгеруші. Бостан ауылының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.

 

 

                                                                                  

Дата публикации
02 марта 2026