Қарақия ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы Қарақия ауданы әкімдігінің қаулысының жобасы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 529 бабының 6 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17847 болып тіркелген), «Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 қаңтардағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13326 болып тіркелген) сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарақия ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
  2. «Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ.Рысбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарақия ауданы әкімінің орынбасары С.Төретаевқа жүктелсін.
  4. 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

Әкім                                                                Қ. Беков

 

 

Қарақия ауданы әкімдігінің 2020 жылғы  _____________№_____  қаулысына қосымша

Қарақия ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

№

Елді мекендердегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу  коэффициенті

1.

Құрық ауылы

1,9

1.2

ст. Ералы тұрғын үй массиві

1,83

1.3

Маңғыстау жері тұрғын үй массиві

1,63

2.

Жетібай ауылы

1,9

3.

Мұнайшы ауылы

2,0

3.1

ст. Жетібай тұрғын үй массиві

1,95

4.

Бостан ауылы

1,9

5.

Құланды ауылы

1,9

5.1.

Төлеп жері тұрғын үй массиві

1,7

6.

Сенек ауылы

1,9

6.1

Аққұдық жері тұрғын үй массиві

1,3

7.

Болашақ ауылдық округі

1,7

7.1.

Бопай жері тұрғын үй массиві

1,7

 

 

 

 

 

Дата публикации
02 декабря 2020