Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабы 6-тармағына сәйкес № 158 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды:
Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 6 ақпандағы № 186 қаулысымен № 158 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері Абаев Ерсултан Абайулы, Ұзақбаев Нұркелді Жұмабекұлы, Ерғалиев Ерлан Қорғанбайұлы өз еркімен босату туралы берген өтініштеріне сәйкес учаскелік сайлау комиссиясындағы өз міндеттерін атқарудан босатылды.
Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 6 ақпандағы № 187 қаулысымен Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін № 158 учаскелік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орындарына Мұханалиева Гүлназ Мырзағалиқызы, Өтелген Нұржанат Ибрахимқызы, Ізтұрғанов Әли Русланұлы тағайындалды.