«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы «16» желтоқсандағы қаулысының негізінде, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының әкімі болып сайланған Каратаев Ракат Сарсеновичті тіркеді.
Каратаев Ракат Сарсенович, 1985 жылы туған, «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ, әкім орынбасары, Жетібай ауылының тұрғыны.