2025 жылдың 14 желтоқсанында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 7361 сайлаушы енгізілді, олардың 3290 дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 58, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 42.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Джаксыбаев Арман Абдурахимович - 252, Каратаев Ракат Сарсенович - 2544, Оразбекұлы Әлібек - 394.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының әкімі болып Каратаев Ракат Сарсенович сайланды, 1985 жылы туған, «Жетібай ауылы әкімінің аппараты» ММ, әкім орынбасары. Жетібай ауылының тұрғыны. «AMANAT» партиясынан ұсынылған.