Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағына сәйкес № 152, № 153 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды:
Қарақия ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 15 қарашадағы № 166 қаулысымен № 152, № 153 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері Медиманова Ондагановна, Намазбай Асылбек Іздібайұлы, Джаликов Самат Идгаевич Жетібай ауылы әкіміне кандидаттың тікелей бағынышты адамдары болуына байланысты сайлау науқаны кезеңіне міндеттерін орындау тоқтатылды.
Өкілеттіктері тоқтатылған учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің орнына сайлау науқаны кезеңіне Тугербаева Гульзира Абаевна (№ 152), Назарбек Клара Мырзабайкызы (№ 153), Нурманова Жамила Турганбаевна (№ 153) тағайындалды.