«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 113-1-баптарына сәйкес Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы әкімінің сайлауы 2025 жылдың 14 желтоқсанына тағайындалсын.
- 2025 жылдың 14 желтоқсанына тағайындалған Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Қарақия ауданы әкімі аппараты сайтының «Сайлау» интернет-парақшасында орналастырылсын.
Комиссия төрағасы А. Мееров
Комиссия хатшысы Г. Жайылханова