2025 жылдың 2 қарашасында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылының әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 915 сайлаушы енгізілді, олардың 604 дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Каратаев Ракат Сарсенович - 101, Нурмаганбетов Абжет Куантканович - 435, Умбетқалиев Тұрсынбек Мурзагелдіұлы - 57.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылының әкімі болып Нурмаганбетов Абжет Куантканович сайланды, 1984 жылы туған, «Тұрмыс- Сервис» МКК, директордың орынбасары. Ақтау қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.