Қарақия ауданында кәсіпкерлік саласының дамуы

2025 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 2424 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген (2023ж –2692 кәсіпкерлік субъектілері), бүгінгі күнге жұмыс жасап тұрғаны 2282 (2023 ж – 2619 бірлік).

Анықтама үшін: заңды тұлғалар – 128 (2023 жылы-118), дара  кәсіпкерлер –   1615 (2023 жылы-1846),  шаруа қожалықтары  – 539 (2023 жылы- 655).

Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығарылымы есепті кезеңге 12,2 млрд теңгені құрады.  Өткен жылғы тиісті кезеңге 142,2%. (2023 ж- 13 430 млн тенге).

«Біріңғай кешенді бағдарлама» мемлекеттік бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға  8 жобаға – 249,4 млн теңге берілді.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға сәйкес, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз грант алған тұлғалар саны 30 (ашылған жұмыс орны 30), берілген жалпы қаражат көлемі 44,3 млн теңге.

Аудан аумағында орналасқан сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын үстеме мөлшерін 10%-дан асырмау мақсатында 70 ынтымақтастық меморандум жасақталды. 2024 жылы 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына 131 мониторинг жүргізіліп, 53 жәрмеңке өткізілді.

Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында наубайханалардың сұранысына сәйкес 1-ші сұрыпты ұнның 279 тоннасы жеткізілді.

Бағаны тұрақтандыру, тауар өндірушілерден делдалсыз тікелей сатып алу және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу мақсатында Құрық және Жетібай ауылдарына қоғамдық базар салынып, пайдалануға берілді.

Туризм саласы

Статистикалық ресми деректерге сәйкес 2024 жылы аудан бойынша белгіленген 7 локацияны 11 мың адам тамашалаған.

Атап айтсақ, Бозжыра тауы, Оғыланды жеріндегі Бекет ата жерасты мешіті, Қызылқұп шатқалы, Боқты тауы, Шопан ата қорымы және жерасты мешіті, Түйесу құмы, Қарынжарық  ойпаты.

Елді мекеннің бас жоспарында теңіз жағалауынан  «Жыланды» мүйісіне дейін туризмді дамытуға арналған жер учаскелері қарастырылған.

«Жыланды» мүйісін туристтік орын ретінде дамыту мақсатында жоба жасақталуда.

Бекет Ата жол бойынан «Визит Ақтау» ЖШС 200 млн теңгеге визит орталығын салуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, Бозжыра шатқалына барар жол құрылысына ЖСҚ жасақталған. Бүгінгі күні мерзімі өтуіне байланысты түзету еңгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Маңғыстау облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына енгізу мақсатында келесідей жобалар ұсынылды:

1) «Қызылқұм» жері мен Сенек ауылынан туризмді дамыту мақсатында «Орда САЛ» ЖШС-нің «Демалыс орынын орналастыру» жобасы. Жоба құны  430 млн. тг. Мәлімет үшін: (Сенек ауылы бойынша - 160 млн теңге. Жұмыс орындарының саны құрылыс кезеңінде 47, пайдалану кезінде 35 адам. Қызылқұм маңы - 270 млн теңге. Жұмыс орындарының саны құрылыс кезеңінде 50, пайдалану кезінде 50 адам);

2) «Сенек Сафари» жобасы, ЖК А.Нысанбаева, жоба құны 25 млн теңге;

3)«JaxCatering» ЖШС-нің Құрық Порт бағытында жол бойындағы қызмет көрсету орталығының (придорожный сервис) жобасы, құны 323 млн теңге.

 

Дата публикации
23 октября 2025