Қарақия ауданында ауыл шаруашылық саласының дамуы туралы

Аудан бойынша ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 2,6 млрд. теңге, нақты көлем индексі 100,0 пайызға орындалды.

Ауданда 385 шаруа қожалығы бар, ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру базасында (ИСЖ) 86  мың 764 мал басы (2024 жылы 84 мың 370 бас) тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда 2 мың 394 мал басына өсті.

2025 жылы 25 шаруа қожалығы 165 га жерге ашық топыраққа және 2 гектарды құрайтын 8 жылыжайда егін егіліп, олардан 3 мың тонна өнім алынды.

Осы орайда, Қызылқұм жеріндегі егіншілердің өнім көлемін арттыру, жылыжайларды көбейту мақсатында 566,7 млн теңгеге 26,1 шақырым газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілді.

Мал азығын дайындау мақсатында 2025 жылы 2,5 мың тонна жем, 6,8 мың тонна шөп тасымалданды. Жергілікті жерден 4 бригада жұмылдырылып, 5 мың тонна шөп шабылып жеткізілді. 

2025 жылы аудан бойынша жем-шөппен қамтамасыз ету мақсатында жоспар бойынша 8 мың тонна шөп, 5 мың тонна жем жоспарланып нәтижесінде 95  пайыз орындалды.

Сонымен қатар, ветеринарлық пункт құрылысын салу үшін ауданға қарасты 6 елді мекенде жеке кәсіпкер тарапынан  вет.пункт құрылысы салынып аяқталды. Вет.пункт құрылысы арнайы әкімшілік ғимарат, раскол, котлован, мал қора,  қоршауы, жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда ауыл әкімдіктері тарапынан конкурс ұйымдастырылып сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарының сұранысы негізінде жайылым жердегі төрт түлікті суару үшін, ауданға қарасты елді мекендерден 9 құдық қазылды (42 млн теңге - Жетібай 2, Мұнайшы 2, Сенек 3, Бостан 2).

2025 жылы минералды тыңайтқыштарды пайдаланғаны және ауыл шаруашылығы техникасын алу үшін 6 шаруа қожалығы 7,5 млн теңге субсидия алды.

Ауыл шаруашылығы техникасын (трактор, косилка,) алу үшін 1 шаруа қожалығы 6 млн 331 мың теңге субсидия алды ("Дархан" ШҚ).

«Ауыл аманаты» жобасы аясында биылғы жылы егін шаруашылығы, мал шаруашылығын дамыту бағытында «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Каспий» ӘӘК –на 2 кооперативтің құжаттары тапсырылып комиссия қарауында мақұлданды. Жобалар құны – 92 млн 402 мың теңгені құрайды.

Анықтама үшін: Құрық  1 коператив Жылыжай кешені (Інжу-Д)  жоба құны – 31 млн 456 мың, Құланды  1 Кооператив  Түйе сүтін жинау (Дәурен-2024) жоба құны – 60 млн 946 мың.

Сонымен қатар Кендірлі жерінен зәйтүн ағашын өсіру үшін "Звезда" ШҚ-на  15 мың гектар жер учаскесі жалға берілді.  Қуаттылығы 10 түб зәйтүн ағашын өсіру көзделген.  

Балық шаруашылығына тоқталатын болсақ ауданда 11 балық аулау учаскесі белгіленген, оның 3 резервке алынып, 8-і табиғат пайдаланушыларға беріліп, 2024-2025 жылдар аралығында 3,4 мың тонна балық ауланды.

Балық шаруашылығын дамыту мақсатында. «Органик Фиш» ЖШС-гі  Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті арқылы конкурс негізінде Песчанный мүйісі жағалауынан 10 миль қашықтықтан тор шаруашылығын (садковое хозяйство) жүргізуге қыркүйек айында 3 дана тор қоршамаларын теңізге түсірді. Шабақтарды салу уақыты қараша  айының ортасы. Өсірілетін балық түрі теңіз форелі. «Органик Фиш» ЖШС-гімен 2028 жылға дейін 5 мың тонна балық  өсіру жоспарлануда. Жобаның іске асу кезеңі 2025-2028 жылдар, құны 12 млрд теңге.

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалар аясында  2,8 млрд теңге қаражат берілді.

 Сонымен қатар тағы бір жоба аясында 10 га жер учаскесі ЖК Ұзақбаевқа берілді. Қазіргі таңда жеке кәсіпкер тарапынан арнай 2 дана тоған қазылып 200 жуық бекре шабақтары салынды. Жоба құны – 250 млн тг. Құрылған жұмыс орны – 2 адам.

Дата публикации
23 октября 2025