Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстары туралы

Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы - Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік мекеме.

Қарақия ауданы бойынша 14 пен 35 жас аралығындағы жастардың саны – 11  463, ол аудан халқының  31 %-ын құрайды.Оның ішінде Құрықта – 3 494, Жетібай ауылы- 3 674, Мұнайшы ауылы -2 217, Сенек ауылы- 499, Бостан ауылы- 718, Құланды ауылы- 615, Болашақ округі- 246.

NEET санатындағы жастардың үлесі 2025 жыл бойынша  – 0,86 % (саны – 99). 

Екінші тоқсан бойынша  жұмыссыздыққа  2332 адам, оның ішінде жұмысыз жастар (14-35 жас аралығында)  - 1056,тұрақты жұмыс орындарына – 211 жас, жастар тәжірибесі бойынша – 19 жас, қоғамдық жұмыстарға – 26 жас, «Алғашқы жұмыс орны» - 13 жас, әлеуметтік жұмыс орнына – 7 жас Бастау бизнес бойынша оқыған- 18, грант алғаны – 6.

Дипломмен ауылға келген жастар саны 131, көтерме ақы алған жастардың саны - 80, тұрғын үй алу үшін несие алған мамандардың саны -0.

Ауданда – 1 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы Қарақия кәсіптік колледжі бар. Онда студенттер саны  - 195. Студенттерге арналған 1 жатақхана бар.

Жалпы студенттер саны –  701 (жоғары - 277, арнаулы орта- 424( жергілікті колледжде – 195,басқа қаладағы студенттер – 229).).

Қарқия ауданы бойынша оқушылар саны – 8545.

Ауданда волонтерлікпен айналысатын 3 белсенді бастамашыл топ бар.

№

Ұйым атауы

Жетекшісі

Мекен-жайы

Бағыттары

Ұялы телефон

Әлеуметтік желі

1      

Қарақия Еріктілер корпусы

Қайырбек Едіге Болатұлы

Құрық ауылы,1 ш/а 52А

Әр түрлі бағытта жұмыс атқарады.( мәдени,медецина,әлеуметтік,қоғамдық жұмыстарға,тазалық,қоршаған ортаны күтіп баптау)

 

8 708 836 1766

https://instagram.com/karakiya.resurs?igshid=Yzg5MTU1MDY=

2      

«Фирдаус» еріктілер тобы

Муыт Айдос Есентемірұлы

Қарақия аудандық орталық мешіті

Әлеуметтік бағытта

8 775 7034996

https://instagram.com/firdaus_toby?igshid=Yzg5MTU1MDY=

3      

«Жомарт Жүрек»

Аталикова Ақмарал Мадинаровна

Қарақия кәсіптік колледжі

Әр түрлі бағытта жұмыс атқарады.( мәдени,медецина,әлеуметтік,қоғамдық жұмыстарға,тазалық,қоршаған ортаны күтіп баптау)

8 777 3824484

https://www.instagram.com/reel/CkM0-3wqdnF/?igshid=NDdhMjNiZDg=

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек аудан халқының 16873 тұрғыны тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Оның ішінде 14-35 жас аралығында -6 мыңнан аса жас спортпен шұғылданады. Ауданда 2-  спорт мектебі ,4 - спорт бөлімшесі бар.

Қарақия ауданы бойынша аудандық 1 – аудандық Мәдениет үйі, ауылдық 6 - Мәдениет үй, 2 - аула клуб және 10 - кітапханалар  халыққа мәдени қызмет түрлерін көрсетеді, аталған кешендерде жастардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдайлар қарастырылған.

Орталықтың жеке ғимараты бар.

Орталық басшысы - Әлібек Оразбекұлы. 23 ақпан 1992 туылған. Жоғары білімді, үйленген. Мамандығы – заңгер. Жастармен жұмыс жөніндегі жұмыс тәжірибесі – 14 жыл.

Қарақия  ауданы  әкімдігі  жанындағы  Жастар істері  жөніндегі Кеңес отырысы бойынша;

 Қарақия ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 246 «Қарақия ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес құру туралы» қаулысына  2025 жылы  3 шілде айында  № 101 кеңес мүшелеріне өзгерістер енгізуге қаулы шығарылып, аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында бекітуге ұсынылды. Аудандық мәслихаттың 13.08.2025 жыл кезекті сессиясында Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 30/324 «Қарақия ауданы әкімдігі жанындағы жастар ісітері жөніндегі кеңес құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.                                                                                                      

Қарақия ауданы әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі                                                                              кеңес құрамында 23 мүше бар. Кеңес Төрағасы Қарақия ауданының әкімі Төретаев Сымбат Қуанышұлы.

Қарақия  ауданы  әкімдігі  жанындағы  жастар  ісі  жөніндегі  кеңестің 2025 жылға  арналған  жұмыс  жоспары бойнша жылына екі рет (шілде, желтоқсан) өтеді.       

Орталықтың 2025 жылы жарты жылдық бойынша атқарған жұмыстары:

Жастар ресурстық орталығының 2025 жылға ауданда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар мен  жобаларға 28 млн 838 мың көлемінде қаржы қарастырылды. Осы жылдың жарты жылдығы бойынша жастар ресурстық орталығы тарапынан 42 шара ұйымдастырылып 674 жас қамтылды.

«Jastarga-kenes» бойынша -  4 шара

«Jastarga-bilim» бойынша - 8 шара

«Jastarga-qyzmet» бойынша-  3 шара

«LECTORIUM» бойынша – 3 шара

«Волонтерлар корпусы» бойынша –  12 шара

«Кәсіби бағдар» бойынша –   2   шара

«Таза Қазақстан» жобасы бойынша – 7 шара

«Жұмысшы мамандықтар жылы» бойынша - 3 шара

«Талаптан» жобасы бойынша – 1 шара

Соның ішінде ауқымды жоба бойынша:

  1. «Jastarga-qyzmet» бойынша

Орталық ғимараты бойынша :

«Қарақия аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекттік мекемесінің 03.08.2023 жылғы № 38-11 санды негізгі мүлікті беру туралы бұйрығына сай «Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің» теңгеріміндегі ғимараты «Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне өтті. Аталған ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Маңғыстау облыстық қаржы басқармасы» атынан мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, сәтті аяқталды. Жеңімпаз атанған мердігер «Шанс-21» ЖШС мекемесімен келісім шарт жасақталып жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда орталық ғимараты бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, 18 маусым 2025 жылы қабылдау актісі жасалып, заңнама талаптарына сәйкес барлық қажетті құжаттар ұсынылып,нысан пайдалануға қабылданды.

 Ғимаратта анықталған кемшіліктер «ШАНС-21» мен жасалған 09.07.2024 ж №32 келісімшарттың кепілдік міндеттемелері негізінде мердігер ұйымның күшімен жойылатын болады.

Және Жастарға қызмет аясында  Жетібай ауылы бойынша жастар бөлімшесін үйлестіру мақсатында ескі ауыл әкімдігі жанында орналасқан Полиция бөлімшесінің ескі ғимаратының жарамды бөлігіне толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, материалдық техникалық базасымен толықтырылды. Ғимарат жастарға арналған демалыс, бос уақытын тиімді өткізуге, коуоркинг секілді аймақтармен қамтылып, қазіргі таңда жұмысын жасап жатыр.

2. «Кеңес алаңы» жобасы аясында: Құқықбұзушылық, наркомания, лудомания, суцидтің алдын алу;

-Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын-алу      және оларды болдырмау тақырыбы аясында 3 кездесу өтіп, 98 бала кеңес алды. Соңғы кездері Құрық ауылында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың жиіленуіне орай жергілікті құқық қорғау органдарының  және жергілікті атқарушы органдардың тарапынан жастар мен олардың ата-аналарымен бірнеше мәрте кездесулер мен түсінік жұмыстары жүргізілді. Бұл аталған шаралар ұдайы түрде жалғасын тауып келеді.

- Суицидтің алдын-алу бойынша 2 кездесу өтіп, 65 жас қамтылды.

- «Қыз – ұлт болашағы» тақырыбы бойынша 1кездесу өтіп, 35 қыз бала кеңес алды;

- «Зорлық зомбылықсыз қоғам» акциясы жастар арасында «Бәріміз зорлық –зомбылықсыз әлем үшін», «Отбасы бақыты-татулықта» атты тақырыптарында кездесулер мен дөңгелек үстел өтті.

-«Есірткіз Маңғыстау» жобасын іске асыру бойынша;

1.Қаңтар ,ақпан айларында Қарақия кәсіптік колледж студенттеріне кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, суицидтің, буллингтің, кибербуллингтің және есірткі қылмысының  алдын-алу тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге Қарақия ауданы ПБ Жергілікті полиция қызмет бөлімшесінің бастығының орынбасары полиция капитаны Оңдағанов Аманжол Қайратұлы, Қарақия ауданы ПБ  Криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі полиция майоры Ирназаров Жамбыл Құдайбердіұлы, Қарақия ауданы прокурорының прокуроры Қонай Олжас Қосайұлы қатысты. Студент жастарға құқықбұзушылықтың алдын-алу, есірткінің зиянды әсерлері туралы кеңнен түсіндіріп өтті. Жылдың басынан екі кезесу,түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жоба ары қарай да жалғасын табады.

2.«ЖАСТАР-НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ»

Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 26-маусым халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 3Х3 стритболдан жарыс өткізілді.Ауыл жастарынан құралған 5 команда тартысты додаға түсіп, жеңімпаздар марапатталды.

3.26-тамыз халықаралық нашақорлықпен күрес күні қарсаңында орталықтың ұйымдастыруымен ауданға қарасты құқықтық органдармен бірлесе кезекті түнгі рейдтік шарасы өтті.Беймезгіл уақытта жүрген жастарға, сауда нүктелерінде табак өнімдерінің жастарға сатылымына, ауылішілік тәртіпті сақтауға шақыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рейд барысында бірнеше жасөспірімдерге ескертулер жасалып, тиісті шаралары қолға алынды.

4.Нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған аудандық марафон ұйымдастырылды

26 маусым күні Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған кең ауқымды марафон ұйымдастырылды.Шараға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері, аудандық спорт мектебінің оқушылары мен белсенді тұрғындар қатысты. Жалпы марафонға 80-нен аса азамат қатысып, 2 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Жүгіру бағыты ауылдың кіреберісінен басталып, аудан әкімдігі ғимаратына дейін жалғасты.

 - Нашақорлық — тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның дерті. Бүгінгі шара арқылы біз салауатты өмір салтын ұстану арқылы осындай теріс әдеттерден аулақ болуға шақырамыз. Жастарымыздың жарқын болашағы — олардың денсаулығы мен таңдайтын өмірлік жолына тікелей байланысты. Мәреге бірінші жеткен қатысушыларға аудандық прокуратура мен әкімдік тарапынан алғыс хаттар мен медальдар табысталды.Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапты. Марафон — аудан жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың және нашақорлықтың алдын алудың маңызды құралы ретінде бағаланды.

3.NEET санаты бойынша:

Психологиялық кеңес беру.

NEET санатындағы және жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру мақсатында «Талаптан» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба аясында заманауи мамандықты (графикалық дизайн, сайт жасау, мобилография) сияқты мамандықтарды меңгеруге, білікті мамандардан тегін консультацияларын алуға, мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпарат алуға, қаржылық және құқықтық, психологиялық семинар-практикумдардан өтуге мүмкіндік алады. Осы жоба аясында Жетібай ауылында мобилографиядан екі күндік оқыту курсы өтті.Қамтылған жастар саны 35.

 Денсаулықты сақтау және көтермелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бойынша және мәдени шара бойынша;

- «NauryzFEST» фестивалі аясында жасөспірімдер арасында «Асық ату», «Садақ ату», «3Х3 стритболдан» ұлттық ойынынан сайыстар ұйымдастырылды. Жеңімпаздар дәрежелі дипломдар мен бағалы сый сияпаттармен марапатталды. Қамтылған жастар саны –50.

-12.04.2025 ж. «Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен ауданда «Жайдарман» жастар қозғалысы жанданды!Орталықтың ұйымдастыруымен "Жайдарманнан Қарақия аудандық маусымашар-2025" ойындары ұйымдастырылды.Өңірімізден маусымашарға 15 команда қатысуға өтініш білдіріп, белгілі себептермен және редакторлық жұмыстардың нәтижесінде маусымашарға 7 команда қатысып, жыл соңына дейін тартысты бәсекеге түсетін кезеңдерге жолдама алды.1\2 ойындары мамыр айында;жартылай финал ойындары қыркүйек айында;финалдық ойын қазан айында өтеді жоспарланды.

Онымен қоса демалыс мезгілдерінде ауыл жастарына арналған әкім кубогі және стэндап кештерін ұйымдастыруда жоспарлануда.

-Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының аудан жастарын әлеуеттендіру бағытындағы жұмыс жоспарына сәйкес жастар арасындажыл басынан екі  интеллектуалды-поэзия кеші ұйымдастырылды.

Қатысушылар ұйымдастырушылар тарапынан әзірленген логикалық және теориялық тапсырмаларды орындап, топтық жұмыс жасауды үйреніп, шара соңын қазақ әдебиетінің ақындарының туындыларынан поэзия арнауларын оқудан сөз жарысқа ұластырды.

Белсенділік танытқан жастар орталық атынан бағалы сыйлық пен алғыспен марапатталды.

-24.06.2025 ж. Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауыл жастары кезекті экологиялық турына шықты.

«Ұлттың-ұлы мұрағаты» тақырыбында ұйымдастырылып келетін тур биыл Түпқараған ауданында орналасқан «Саура сайында» өтті.Президентіміз Қ.К.Тоқаев бастаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын алға тартқан бір топ жастар Саура сайына, Тасбақа көліне және теңіз жағалауына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, өңіріміздің тағыда бір керемет жерімен танысып сенбі күнігі демалыстарын көтеріңкі көңіл-күйде өткізіп келді.

- 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «QJ Fest – 2025» жастар фестивалінің қорытынды мерекелік концерті өтті.

Мерекелік концертке  ауыл өнерпаздары және кештің басты хэдлайнерлері Beknur Aminov, Esko, Ray және Aya Funk болды.Фестивальдің соңында әсем отшашу болып, «QJ Fest – 2025» мерекелік концерті жастардың шат күлкісі мен шабытты көңіл-күйімен қорытындыланды.«QJ Fest – 2025» – бұл музыка мен шабыт, өнер мен жастық, бірлік пен достықтың айрықша мерекесі болды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бойынша;

Жыл басында «Жасыл желек» көшет отырғызу акциясы аясында орталық саябақтарда, ғимарат алаңдарында -  100 жас желек көшеттері отырылғызылды,  «Таза ауыл» және «Таза Қазақстан» тазалық акциялары және «Жасыл ел» еңбек сарбаздарының жұмыстары ұйымдастырылды. Және де бұл акциялар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

4.Жұмысшы мамандықтар жылы аясында іс – шаралар ұйымдастыру

  1. «Жұмысшы мамандықтар жылы » аясында жыл басынан 3 рет «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі » өткізілді. Жәрмеңкенің мақсаты жұмыс берушілермен тікелей қарым- қатынас орнатып сұхбаттасу арқылы жұмыссыз жастарды тұрақты жұмыс орнына бағыттау,мемлекеттік бағдарлама аясында белсенді шараларымен таныстырып,ақпараттар берді.
  2. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Үздік маман иесі» челенджі ұйымдастырылды. Аудан бойынша әр түрлі сала мамандары өз саласы бойынша кәсіби тәжірибе мен білімді бөлісуге,әр саладағы үздіктерді анықтауға, мотивация мен бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді.
  3. 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай, Қарақия кәсіптік колледжі «Жұмысшы мамандықтарды оқытатын колледж» тақырыбында танымал блогер Аида Серікқалиқызымен подкаст түсірілді.
  4. 17.05.2025ж. 2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Үздік шеберлер туралы бейнеролик.Қарақия кәсіптік колледжінің өндірістік оқу шебері Нұрханов Ерлан Батырұлы
  5. 25.05.2025 ж. «2025-жұмысшы мамандықтар жылы» Қарақиялық бір топ жастар жұмысшы мамандықтар жылы аясында ауданға қарасты атқарушы билік органдарының, мекеме-кәсіпорындардың, шаруашылықтар мен қарапайым жұмысшы мамандықтарды қажет ететін жұмыс орындарының атқаратын қызметтерімен танысуды бастауда.  Аталған үрдіс бойынша ауданға қарасты жұмыс көздері мен жұмыс беруші ұйымдарға  стади турлар ұйымдастыру жыл аяғына дейін жалғасын табатын болады.  Алғашқы болып жастар, аудандағы жаңадан бой көтерген ғимаратта, заң мен тәртіпті басты қағидат еткен Жетібай ауылдық Полиция бөлімінің жұмысымен танысты.

5.Жастардың бойында әскери-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өткізу

  1. Жастар бойында әскери-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында Қарақия кәсіптік колледжінің «Жас сарбаз» әскери - патриоттық ұйымының ұйымдастыруымен «Берік достық бұзылмайды» атты сахналандырылған қойылым көрсетілді. Мақсаты: Студент жастарға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы сахналандырылған қойылым арқылы түсіндіру.
  2. Аудандық мәдениет үйінде «Ерлік пен міндет» атты күштік құрылым бағытында еңбек етіп жүрген сала мамандарымен кездесу өтті. Шараға студенттері мен мектептің ер оқушылары және «Жыланды шекара заставасының» сарбаздары қатысты. Жас ұрпаққа ұлтжандылық пен патриоттық сезімді насихаттайтын шарада жастарға өткен күннің өшпес ерліктері туралы ғибратты ойлар айтып, бейбіт күннің қадірін түсіне білуге шақырды.Кеште әскери салаға ынталы болып жүрген оқушылар, сала мамандарына көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
  3. 7.05.2025 ж.Құрық ауылында орналасқан Жыланды шекара заставасында “Отан қорғаушылар күніне” орай мерекелік шара өтті.Іс-шарада әскерилер мен олардың отбасыларына арналып патриоттық әндер шырқалып, дәстүрлі би қойылымдары көрсетілді. Мерекелік кеш барысында қызмет етіп жүрген сарбаздарға алғыс айтылып, олардың ел шебіндегі қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді.Игі шара сарбаздардың рухын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
  4. 12.05.2025 ж. Қарақия кәсіптік колледжінің студенттерімен және «Жыланды» шекара бөлімімен бірігіп Жеңістің 80 жылдығын атап өту мақсатында «Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты жоспары аясында студенттер арасында «Далалық оқу жаттығу жиыны» тақырыбында іс-шара өткізді.                                                                                                   Мақсаты: Жастарды патриотттыққа, Отан қорғауға деген құрметті күшейтуге, сондай-ақ физикалық дайындықтарын, ұжымдық рух пен азаматтық жауапкершілікті дамыту болып табылады.
  5. «JastarX» алаңында TED форматындағы конференциялар ұйымдастыру

1.Қарақия аудандық «QJFest-2025»  жастар фестивалі аясында жастар орталығында эксперттік алаң ұйымдастырылып, JASTAR-X жобасы өтті.

Іс-шараға бірнеше сала мамандары шақырылды. Олардың қатарында, Маңғыстау облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының кәсіби психологы Д. Джумабаева, Маңғыстау облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры П. Кобесинова және облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы Г. Бержанова қатысты.

Кездесу барысында жастар арасында өзекті болып отырған бірқатар мәселелер талқыланды, атап айтқанда:

  • лудомания және құмар ойындардың зияны;
  • есірткіге тәуелділіктің алдын алу;
  • денсаулық түрлері және оны сақтау жолдары;
  • құқықбұзушылықтың алдын алу тетіктері.

Лекториумның негізгі мақсаты — жастардың ақпараттық сауаттылығын арттыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануына, құқықтық және психологиялық мәдениетін дамытуға ықпал ету.

2.«Чемпионмен бір алаңда»: Бекзат Нұрдаулетовпен кездесу

«Заң және тәртіп» қағидасы аясында Қарақия аудандық Жастар ресурстық орталығында әлем чемпионы, Маңғыстау өңірінің мақтанышы Бекзат Нұрдаулетовпен ашық форматтағы кездесу өтті.Шараға аудан прокуроры, «Қарақия» газетінің бас редакторы, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, сондай-ақ жас спортшылар мен ерікті жастар қатысты. Кездесу барысында спортшы өзінің спорттағы жетістіктері, еңбекқорлық пен табандылықтың маңызы, салауатты өмір салтын ұстанудың артықшылықтары туралы ой бөлісті.

Бекзат Нұрдаулетов жастарды мақсатқа жетуде төзімді болуға, қиындықтарға мойымауға және уақытты тиімді пайдалануға шақырды. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына ашық әрі шынайы жауап беріп, спорттағы және өмірдегі жеке тәжірибесімен бөлісті.Кездесу соңында чемпион орталықтағы стритбол алаңына барып, жас спортшылармен бірге доп қағысты. Чемпионмен бір алаңда ойнау жастарға ерекше қуаныш сыйлап, алаңда нағыз достық атмосфера орнады. Іс-шара соңында ол алаңда өз қолтаңбасын қалдырып, бұл сәт қатысушылар үшін ұмытылмас естелікке айналды.Бұл кездесу жастарға тек мотивация ғана емес, өз мақсаттарына жету жолында сенім мен жігер берді. Ұйымдастырушылар мұндай форматтағы шаралардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

«Жасыл ел» еңбек жасақтары бойынша.

Қарақия ауданы әкімдігінің  Қарақия ауданы бойынша «Жасыл ел» жастар еңбек жасағын  құру туралы 13.05.2025 жылғы № 83  санды қаулысына  сәйкес  комиссия құрылды. 12 мамыр комиссия отырысы болып жастар ресурстық орталығының директоры  Ә.Оразбекұлы  ашып, қатысушыларды  күн  тәртібіндегі мәселе «Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша жалпы түсініктеме берді. Қарақия ауданының  барлық елді мекендері бойынша еңбек жасағы ұйымдастырылып, үш аусым бойынша жұмыс жасайтын болады. 02 маусымынан бастап бірінші аусым бойынша жұмыстарын бастады. Биыл тек Құрық ауылы бойынша онлайн форматта жастарды  жұмысқа қабылдады.  «Жасыл ел» еңбек жасағын жүзеге асыру мақсатында  Аудан бойынша  қамтылған сарбаздар - 400 жас, (Жетібай-120, Мұнайшы-50, Сенек-28, Бостан-28, Құланды-28, Болашақ-6, барлығы - 260 жас, Құрық- 140 жас).- 42 000,0 қаражат бөлінді. Қабылданған жастар үш ауысым бойынша жұмыс  жасайды. Жастарды  жұмыс  киім-кешекпен, қолғаптар мен қатар құрал-саймандармен толық қамтылды. Олардың қатарында оқушылар, студенттер, жұмыссыз жастар бар.

 

Дата публикации
23 октября 2025