«Елдімекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» туралы

«Құрық ауылы әкімі аппараты» Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін  ақпараттық - мәліметтерді толық электрондық форматқа көшірумен қатар тұрғындармен ашық мақсатта жұмыс жасауды көздейді.

Ашықтық мақсатта Құрық ауылы әкімі аппаратында орналасқан өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы бойынша а.ж. 15 қазан айында ауыл тұрғыны А.Джаксыбаев өзінің кәсіптік ғимаратының жер теліміне қосымша Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексінің 44-1 бабы «Елдімекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» туралы заңға сәйкес www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттарын тапсырды.

Осыған байланысты, аталған Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы   № 442 Жер кодексінің 44-1 бабы «Елдімекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» туралы заңға сәйкес www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы үйде немесе өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштар арқылы электронды ЭЦҚ кілтпен өтініш беруге болады.

Қамтылған адам саны 1.

Дата публикации
18 ноября 2020