Ауданға қарасты жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік желілер арқылы халықты алдын ала хабардар ете отырып, әр апта сайын ішкі бақылау қызметтерімен арнайы бекітілген кестеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың басшыларының фейсбук әлеуметтік желілерінде «тікелей эфирге» шыға бастады.
Бұл жоба қызмет берушілердің әлеуметтік желілер арқылы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы толық және анық ақпарат ұсынуға, мемлекеттік органдардың көрсетілетін қызметтерден басқа да мәселелер бойынша қоғаммен кері байланыс орнатуға бағытталған.
Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың 30 қазаны күні сағат 15:00-де ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің басшысы А.Жұмағалиева аудан әкімдігі фейсбук парақшасына брифингке шығып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 9 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндады.