«ADAL KOMEK», «QYZMET LIVE» жобасы іске асырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет екендігін атап өтті.

Бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен халықтың қарым-қатынас процесін электрондық форматқа ауыстыру заман талабы болып отыр. Шынында да, халықтың басым көпшілігі қазір әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда және мемлекеттік органдардың міндеті халықпен тиімді өзара іс-қимылды орнату үшін бұл белсенділікті оңтайлы пайдалану құпталады. Көбінесе қызмет алушыларға шынайы, өзекті ақпарат жетіспейді немесе толғандыратын сұрақтарға тез жауап алу мүмкіндігі жоқ.

Осыған байланысты, Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесімен «Қарақия адалдық алаңы»  бірлесіп  «ADAL KOMEK», «QYZMET LIVE»  жобасы іске асырылды. Ағымдағы жылдың 28 қазанында Қарақия ауданы әкімдігінің фейсбук парақшасына хабарлама  жарияланды.

 

Дата публикации
18 ноября 2020