Қарақия ауданы әкімі аппараты а.ж. 20-23 қазан айы аралығында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесі» мен Қарақия аудандық адалдық алаңының қызметкерлері бірлесіп өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасалуы бойынша мониторинг жүргізді. Мониторинг аудандық бөлімдерді, ауданға қарасты барлық ауылдарды, мектептер мен балабақшаларды қамтыды. Тексеріс барысында өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштары талаптарға сәйкес орналастырылғаны және интернет желісіне қосылу мүмкіндігі, компъютерлік көшіріп басу жағдайларына мониторинг жүргізілді.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдайлар жасалуы тұрғысынан ұсыныстар мен анықталған кемшіліктерді жою бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.