"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы «1» қазандағы шешімінің негізінде, Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болып сайланған Әділбаев Ермұрат Ержігітұлын тіркеді.
Әділбаев Ермұрат Ержігітұлы, 1991 жылы туған, «Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты» ММ, статист, Ақтау қаласының тұрғыны.