2025 жылдың 28 қыркүйегінде Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің сайлауы өтті.
Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы бойынша сайлаушылар тізіміне 2742 сайлаушы енгізілді, олардың 1568 дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 11, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 61.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айтбаев Қоныс Есбосынұлы - 368, Әділбаев Ермұрат Ержігітұлы - 895, Тимурұлы Ахмет - 233.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімі болып Әділбаев Ермұрат Ержігітұлы сайланды, 1991 жылы туған, «Мұнайшы ауылы әкімінің аппараты» ММ, статист. Ақтау қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.