Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 113-1-баптарына сәйкес Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылы әкімінің сайлауы 2025 жылдың 2 қарашасына тағайындалсын.
  2. 2025 жылдың 2 қарашасына тағайындалған Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Қарақия» аудандық қоғамдық-саяси газетінде және Қарақия ауданы әкімі аппараты сайтының «Сайлау» интернет-парақшасында жариялансын.

 

          Комиссия төрағасы                                                         А. Мееров

         Комиссия хатшысы                                                         Г. Жайылханова

 

 

Дата публикации
24 сентября 2025