Жария сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына сәйкес Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қарақия ауданы жерінен көлемі 7,0983 гектар, оның ішінде жайылымы 9,3130 гектар, оның ішінде жайылымы 5,1022 жер учаскесі «KMG Barlau»  жауапкершілігі   шектеулі  серіктестігіне № NO-4 ұңғымасына апаратын автокөлік (далалық) жолы үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 1 (бір) жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

2.«Қарақия аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарақия ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

                                                                 

                                                                        С.Төретаев

 

 

 

                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 сентября 2025