20.08.2025 жыл № 125 Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14, 113-1-баптарына сәйкес Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің сайлауы 2025 жылдың 28 қыркүйегіне тағайындалсын.
  2. 2025 жылдың 28 қыркүйегіне тағайындалған Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылы әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы «Қарақия» аудандық қоғамдық-саяси газетінде және Қарақия ауданы әкімі аппараты сайтының «Сайлау» интернет-парақшасында жариялансын.

 Комиссия төрағасы                                          А. Мееров

 Комиссия хатшысы                                         Г. Жайылханова

 

 

Дата публикации
20 августа 2025