20.08.2025 жыл № 124 Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімін сайлау кезінде Мұнайшы ауылы аумағында аумақтық сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының әкімін сайлау кезінде Мұнайшы ауылы аумағында аумақтық сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау  округінің  тізімі,   оның   шекарасы мен Қарақия ауданының  

аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Қарақия ауданы әкімі аппараты сайтының «Сайлау» интернет-парақшасына және «Қарақия» аудандық қоғамдық-саяси газетінде жариялансын.

Комиссия төрағасы                                                 А. Мееров 

Комиссия хатшысы                                                 Г. Жайылханова

Дата публикации
20 августа 2025