2025 жылдың 10 тамызында Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Болашақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Болашақ ауылдық округінің әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Болашақ ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 153 сайлаушы енгізілді, олардың 107-сі дауыс беруге қатысты. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 1, «Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 2.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Нурекешов Майрам Шорсович - 18, Тачкараев Жамбыл Ондасынович - 71, Шапағат Сырым Арманұлы - 15.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Болашақ ауылдық округінің әкімі болып Тачкараев Жамбыл Ондасынович сайланды, 1984 жылы туған, «Қарақия ауданының Болашақ ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, инспектор. Жаңаөзен қаласының тұрғыны. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.