Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 05.02.2025 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында 2 500 мың теңге көлесіне конкурс жарияланды. 20.02.2025 жылғы конкурс нәтижесі бойынша «Маңғыстау жергілікті бастама орталығы» қоғамдық қоры 2 млн 200 мың теңгеге жеңіп алып, келісімшарт жасақталды.
Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру, ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтау бағытында аудан көлемінде жұмыстар жүргізу болып табылады.
Жобаның техникалық ерекшеліктері:
- аудан жастарының, соның ішінде білім беру ұйымдарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқауын өткізу; (жеңімпаздарды марапаттау)
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, арнайы мамандардың қатысуымен 10 тақырыптық кездесулер ұйымдастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, студенттік жастар арасында көшбасшылық қасиеттер мен патриоттық сезімді дамыту мақсатында жастар арасында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлықтың зардабын білу мақсатында мектеп оқушылары арасында эссе байқауын өткізу;
- Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша сауалнама алып, әлеуметтік зерттеу жүргізу;
- Полиграфиялық, типографиялық өнімдерді шығару ақпараттық бетшелер дайындау және кездесулер барсында аудан тұрғындарына тарату; (1000 дана).
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 2 бейнеролик дайындау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сапалы және мазмұнды мақала дайындалып, БАҚ беттеріне жариялау. («Қарақия» қоғамдық-саяси газетіне және Қарақия ауданы әкімінің аппараты сайтына барлығы 4 мақала)
- Сыртқы көрнекілік құралдарын шығартып, оны белгіленген орынға орнату; (7 баннер, көлемі 3х6).
Жоба аясында жасалған жұмыстар:
- Қарақия ауданының тұрғындарына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түрлі сұрақтар қамтылған онлайн сауалнама жүргізілуде.
- Тақырыпқа қатысты 4 сыртқы көрнекілік құралдары дайындалып, белгіленген орындарға ілінді.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жетелейтін түрлі таратпа материалдар шығарылып, кездесу барысында таратылуда.
- Өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында Жетыбай ауылының №8 жалпы білім беретін мектебі мен Құрық ауылындағы №6 жалпы білім беретін мектебінде Қарақия аудандық «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» балалар мен жасөспірімдер арасында сурет байқауы өткізілді. Байқауға 9-16 жас аралығындағы 108 оқушы қатысып, 136 туындысын байқауға ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасы «Әділетті Қазақстан!» , «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем», «Адал азамат», «Парасатты отбасы» номинациялары бойынша үздік салынған туындыларды анықтап, диплом мен арнайы сыйлықтармен оқушыларды марапаттады.
- Жоба барысында аудан көлемінде тұрғындармен 8 рет кездесу өткізілді. Атап айтсақ, Құрық, Жетібай, Мұнайшы ауылдарының тұрғындарына «Парасатты ұрпақ тәрбиелеуде отбасының ролі»» тақырыбында, Сенек, Бостан, Құланды ауылының тұрғындарына «Парасатты қоғамның жемқорлыққа қарсы әсері» тақырыбында, Қарақия орталық аудандық ауруханасы қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі адал азаматтың рөлі» және білім беру ұйымдарының басшыларына «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесулерге ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Кужиев Асылан Серікқалиұлы, «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ тарихшысы Айтқұлова Жәния Жарылғапқызы, Маңғыстау жергілікті бастама орталығы қоғамдық қоры директоры Маханбетова Жақсыгүл Шахзадақызы, «Айрық» қоғамдық қорының директоры Таласбай Ағлен, «Шешендік өнер» оқу орталығының басшысы Егізқараева Мереке Құлжанқызы қатысып, аудан тұрғындарына толыққанды ақпараттармен бөлісті.
Теххникалық ерекшіліктер бойынша жасалынатын жұмыстар:
- «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлықтың зардабын білу мақсатында мектеп оқушылары арасында эссе байқауын өткізу;
- Тақырыпқа қатысты 3 сыртқы көрнекілік құралдарын белгіленген орындарға ілу.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында 2 бейнеролик дайындау
- Қарақия» қоғамдық-саяси газетіне және Қарақия ауданы әкімінің аппараты сайтына барлығы 4 мақала жариялау;
- ҮЕҰ қатысуымен қорытынды есептік іс-шара өткізу