⚜️Аудан әкімі Сымбат Төретаевтың төрағалығымен Қарақия ауданының терроризмге қарсы комиссия отырысы өтіп, күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
⚜️Жиынға Қарақия ауданының прокуроры, ҚР ҰҚК-нің аудандық бөлімше бастығы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, комиссия мүшелері мен тиісті сала мамандары, дін өкілдері және ауыл әкімдері қатысты.
⚜️ Аудан басшысы ақпараттық насихат тобының жұмысын жандандыру қажеттігін мәлімдеді. Ол бұл бағытта имамдар мен теологтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету арқылы дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалындағы азаматтармен жеке профилактикалық шараларды күшейту керектігін атап өтті.
- «Қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау және азаматтардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-насихат топтарының жұмысын күшейту маңызды. Бұл ретте имамдар мен теологтардың рөлі зор. Олар халықпен тікелей жұмыс істеп, теріс ағымдардың ықпалына түскен азаматтармен жеке кездесулер өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс», – деді аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы.
⚜️Жиын барысында көтерілген діни мәселелер бойынша жауапты мамандар баяндама жасап, қаралған мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылды және тағы басқа бірқатар тапсырмалар берілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі