⚜️Қарақия ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мониторингі және цифрландыруды дамыту бөлімшесінің ұйымдастыруымен, Қарақия аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өтті.
⚜️Жәрмеңкенің мақсаты - тұрғындарға жергілікті атқарушы органмен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ақпараттандыру, сапалы қызмет көрсету, электронды түрде көрсетілетін қызметтерді айқындау.
⚜️Қарақия ауданына қарасты 6 бөлімнің мамандары халыққа қызмет көрсету орталығына келген тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріп, 50-ден аса брошюралар таратып, Наурыз мерекесіне орай бауырсақ, сусындар тарту етті.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі